Жаңалықтар

Елордада дүниежүзілік конгресс өтті

Тау-кен конгресі жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Бұл туралы «ЭКСПО-2017» Конгресс-орталығында өтіп жатқан 25-ші дүниежүзілік тау-кен конгресінде айтылды. Бұл жиынға 50 елден 1200-ден аса делегат келді.

1958 жылдан бері өткізіліп келе жатқан аталмыш халықаралық жиын бұл жолғы кездесуі конгрестің 60 жылдығы мен Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына арналды. ТМД аумағы бойынша Қазақстанда алғаш рет өтіп тұрған жиында кен орындарын игеру және пайдалы қазбалар саласында жұмыс істейтін мамандар, кәсіпкерлер мен ғалымдар бас қосты. «Бүгінде тау-кен өндірісі және өңдеу өнеркәсібі Қазақстан экономикасына үлкен үлес қосуда. Бұл саладағы 800 кәсіпорында 185 мың адам жұмыс істейді. Өндіруші және өңдеуші өнеркәсіпті кеңейту еліміздің дамуына көмектеседі» деді ҚР Премьер-министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин өзінің сөзінде. Оның айтуынша, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық инвесторлардың қатысуын кеңейту үшін тау-кен секторын реформалау жөніндегі мүмкіндіктер жасауға тапсырма берген. Өз кезегінде Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Конгрестің отандық тау-кен кешенін дамыту және елдің халықаралық қатынастарын нығайту үшін оның маңыздылығын атап өтті.

Нұрдәулет КӘКІШТЕГІ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button