ЖаңалықтарҚала мен СалаҚоғамТаным

ҮНЕМДЕГЕН ҰТАДЫ

photo_29434

Электр мен жылуды тиімді пайдалану, әсіресе жылыту маусымында үлкен маңызға ие. Энергия үнемдеу шаралары мен энергия сақтаушы технологияларды ендірудің болашағы қандай?

«Астанаэнергосервис» АҚ басқарма төрағасы Еркеғали Есенжоловтың айтуынша, энергохолдинг кәсіпорындар өз қыз­метін жүзеге асыруда энергияны үнемдеу технологияларын тиімді қолданады.
Әкімшілік және өндірістік орынжайларда жарықдиодты шамдарды қолдану 50-80 пайыз электр энергиясын тұтынуды төмендетуге мүмкіндік береді. Жылу желілері құбырларын қаптаудың дәстүрлі минералды-мақталы түрін пенополиуретантты оқшауламаға ауыстырғанда жылу энергиясын ЖЭО-нан тұтынушыға тасымалдау кезінде шығынды 20-30 пайызға төмен­детуге болады. Айта кетейік, қуат үнемдеуші жарықтандыруға көшу өте тиімділігін көрсетеді. Энергияны үнемдеу бойынша басты нәрсе есептеу құралдарын орнату болып табылады. Жылу, электр энергиясы, су бойынша есептеу құралдарын орнату керек. Әрқашан мына қағиданы есте сақтау қажет: «Дұрыс өлшемей, үнемдей алмаймыз».
«Энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін жоғарылату туралы» қолданыстағы заңна­мада энергияны үнемдеу мәселе­лерімен жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалардың ғана айналысуын міндеттейді. Заң талаптарын сақтамау әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады. Тіпті, құқықтық бұзушылық түріне байланысты 10-нан 400 АЕК дейінгі мөлшерде айыппұл төленеді.

Айгүл УАЙСОВА

Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button