ЖаңалықтарҚала мен Сала

ДӘРІГЕРЛЕРДІ ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

kbb_4374

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Астана қаласының №1 қалалық ауруханасында спорттың 10 түрінен спартакиада өтті. Аталған жарыста жүлделі орын алған азаматтарды аурухананың бас дәрігері Марат Әбдуов пен Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов марапаттады.

Жыл сайын қаладағы медицина қызметкерлерінің арасында спартакиада өтеді. Марат Әбдуовтың айтуынша, дәрігерлер халықтың ғана емес, сонымен қатар өзінің денсаулығын да жақсылап күте білуі керек. Ал денсаулықты жақсылап күтудің бірден-бір жолы дене жаттығуларымен айналысу болып саналады.
– Биылғы спартакиаданың ерекшелігі Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен орайласып өткізілді. Қазақ елі осы ширек ғасырлық тарихында аяғынан нық тұрып, алдыңғы қатарлы әлемнің озық елдерінің қатарына қосылды. Еліміз экономикада ғана емес, сондай-ақ денсаулық сақтау саласында да ірі жетістіктерге жетті. Денсаулық демекші, биылғы Рио Олимпиадасы кезінде қа­зақстандық спортшылар жоғары нәтижеге қол жеткізді. Солардың бірі – бокстан Олимпиада чемпионы болған Данияр Елеусінов ортамызда отыр. Ол сіздерді құттықтауға арнайы келді, – деді Марат Әбдуов.
Өз сөзінде Данияр Елеусінов медицина қызметкерлерін Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтап, олардың отбасына береке, бірлік тіледі. Сондай-ақ, Олимпиада чемпионы спартакиадада топ жарған медицина қызметкерлерін құттықтады.

Серік ҚҰДАЙБЕРГЕНҰЛЫ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button