Жаңалықтар

«Үркер» тұрғындарының үміті ақталды

Елорда басшысы Алтай Көлгінов Үркер тұрғын алабын аралап, ондағы жол құрылысымен танысып, тұрғындармен кездесті.

Қала әкімі тұрғындармен алғашқы кездесуінде жылы аялдама орнатуды сұраған болатын. Қазір жылы аялдама аталған тұрғын алаптағы Исатай батыр көшесіне қойылды. Сонымен бірге 16 көшеге асфальт төселіп, жарығы жоқ көшелерге 90 шам орнатылды. Тұрғын үйлерге ауызсу жеткізу үшін 1,4 шақырым су құбыры салынып, кәріз коллекторлары орнатылды. Сондай-ақ екі гүлзардың құрылысы аяқталды. Саябақтарға балалар ойын алаңдары салынды. Қазір 20 көшеге жол төсеу жұмыстары жүргізілуде. Кездесуде тұрғындар қалалық әкімдікке атқарылған жұмыстары үшін алғыстарын жеткізді.
Сондай-ақ қала әкімі Сексек ата көшесіндегі жатақхана тұрғындарымен кездесіп, олардың айтқан мәселелерін тыңдап, оны жауапты мекемелерге бақылауға алуды тапсырды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button