Мәдениет

Жаңа қадам – жаңа ұрпақ

Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында № 2 Өнер мектебінің «Жаңа қадам – жаңа ұрпақ» атты жылдық есеп беру концерті өтті.

Концертте өткен оқу жылында түрлі байқаулар мен фестивальдарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүрген мектептің шәкірттері мен түлектері өнер көрсетті. Бұл қатарда «Qazaqstan дауысы. Балалар» жобасының финалисі Елікай Сәменбек, «Junior Eurovision» байқауының Қазақстан ұлттық іріктеуінің және «Qazaqstan дауысы. Балалар» жобасының финалисі Әйкерім Тілеубек, Ресейде өткен «Балалар жаңа толқыны» халықаралық ән байқауының лауреаты Айғаным Амантай әннен шашу шашса, домбырашылар мен бишілер өз өнерлерін көрсетті.

Кештің қонақтары – танымал әншілер Майра Ілиясова, Маржан Арапбаева, Жанар Дұғалова және ерекше мақамдар иесі Мақпал Жұмабай балалармен бірге ән шырқады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button