Елорда тынысы

Рыбакина финалға шығарды

Астанада өткен Билли Джин Кинг кубогының іріктеу кезеңінде Қазақстанның әйелдер құрамасы Польша теннисшілерін ұтып, әлем чемпионатына жолдама алды.

Бірінші ойында Юлия Путинцева әлемнің 19-ракеткасы Магда Линетті екі сетте ұтып есеп ашса, екінші ойында Елена Рыбакина Вероника Фальковсканы 6:3 және 6:4 есебімен тізе бүктірді.

Екінші күні еліміздің бірінші, әлемнің  7-ракеткасы Елена Рыбакина іріктеу кезеңіндегі екінші қарсыласы Линетті 2:0 есебімен ұтып, жалпы есепті 3:0-ге жеткізіп, Қазақстан құрамасын әлем чемпионатының финалына алдан ала шығарып қойды. Соңғы жұптық ойында Анна Данилина мен Юлия Путинцева қарсыластарына жол бергенмен, бұл ойыннның нәтижесі жалпы көрсеткішке әсер етпеді.

Финалдық кезеңде Қазақстан құрамасы Швейцария немесе Австралия қыздарымен ойнайтын болады.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button