Жаңалықтар

ЖАПОНИЯ ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ

Алдағы жылы Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысатындығын бүгінгі күнге дейін 105 мемлекет растаса, 82 ел ресми шартқа қол қойды.  

expo2017_logo_0x0_f31

Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жапонияға ресми сапары аясында осы елдің «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысатындығы туралы шарт жасалды. Құжатқа Токио қаласында «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімов пен Көрменің жапондық секторының Комиссары Томиясу Накамура қол қойды.

Ұлттық компания басшысы Ахметжан Есімов жапондық тарапқа Астана қаласында «Болашақ энергиясы» тақы­рыбында «ЭКСПО-2017» көр­месін өткізу бастамасына қолдау көрсеткендіктері үшін алғыс білдірді. Ол Осака, Цукуба және Аичи қала­ларында ЭКСПО көрмелерін өткізген Жапонияның іс-тәжірибесі мен табысы Қазақстан үшін ауқымды шараны сапалы ұйымдастырудың жарқын мысалы екенін айтты.
– Баламалы энергетика саласында алдыңғы қатарларда тұрған ел ретінде Жапония «ЭКСПО-2017» көрмесінде өзінің ЖЭК саласындағы ең тамаша жетістіктерімен таныстырады. «ЭКСПО-2017» біздің мемлекетіміздің жаңар­тылатын энергия көздері облы­сындағы ғылыми әлеуе­тімен таныстыруға арналған алаңға айналады және осы саладағы көп жақты әріп­тес­тіктің дамуына түрткі болады, – деді Жапония секциясының комиссары Томиясу Накамура.
«Астана ЭКСПО-2017» халық­аралық мамандан­ды­рылған көрмесіне қатысушы елдердің тізімін жасау рәсімі екі кезеңнен тұрады: көрмеге қатысуды ресми түрде растау, содан кейін қатысу шартына қол қойылады.
Бүгінгі таңда Астанада өтетін халық­аралық көр­меге қатысатыны жөнінде ұсы­ныс­тардың әлі де түсетіні белгілі болып отыр.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button