ЖаңалықтарҚала тіршілігі

ЕСІЛ ӘЛІ ҚАТҚАН ЖОҚ

Елорданың жедел әрекет ету қызметтері қала тұрғындары мен қонақтарына күзгі жұқа мұздың қауіптілігі жайында ескертіп, балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады.

????????????????????????????????????

Шынымен де, қара күз келіп, күн суыса да, өзендегі мұз әлі дегди қойған жоқ. Тек қана судың бетінде алдамшы жұқа мұз жалтырайды. Оны білмейтіндер балық аулаймын, конькимен сырғанаймын немесе жолды қысқартып, мұз үстімен өтіп кетемін деп ойлайды. Кейін оның арты өкі­нішке ұрындырады. Астаналық Төтен­ше жағдайлар департаментінің хабар­лауынша, өткен 6 қарашада Есіл өзенін­дегі ойыққа малту кезінде 1964 жылы туған ер азамат суға батып кеткен.
Сондықтан мамандар осындай бақытсыз жағдайға жол бермеу үшін қауіпсіздік шараларын сақтау керек екенін қатаң ескертеді. Мұздың қалыңдығы 10-12 см-ге жеткен кезде ғана оның бетіне шығу қауіпсіз болады.
Сондай-ақ, мұздың беті қармен жабылған жерлермен жүрмеген дұрыс, себебі онда мұз баяу қатады.
Түптеп айтқанда, Есіл әлі қатқан жоқ. Сондықтан әзірге өзен үстімен жүрмегеніңіз жөн болады демекпіз.

Азамат ЕСЕНЖОЛ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button