#Жаңа Қазақстан

Жарқын болашақ үшін дауыс бердім

– Бүгінгі Президенттің кезектен тыс сайлауында №138 сайлау учаскесінде дауыс бердім. Қазақстанның болашағы үшін, еліміздің өркендеп, дамуы үшін, болашағымыз жарқын болуы үшін өз таңдауымды жасадым.

Бізге Жаңа Қазақстан құруға бағытталған реформалардың жүйелі жүзеге асырылғаны маңызды. Сондықтан да бұл сайлаудан күтеріміз көп.

Бүгінгі күні халық үніне құлақ асатын мемлекет қалыптасып келе жатқанын, билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнағанын да байқауға болады. Саяси жүйе біртіндеп өзгеріске ұшырауда. Алдағы уақытта осы бастамаларды жалғастыратын, нәтиже шығара алатын мамандар қажет. Сондықтан осы сайлауға баршамыз бір кісідей атсалысайық.

Ерлан Дәкенов,

Астана қаласы мәслихатының депутаты

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button