Жаңалықтар

Жас ақындар мүшайрасы

75 жылдық тарихы бар елордадағы Жоғары көлік және коммуникация колледжінің «75 игі іс» шарасы және Жастар жылы аясында Тұңғыш Президент күніне арналған «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты VII дәстүрлі мүшәйра өтті. Нұр-Сұлтан қаласының техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері студенттерінің арасында ұйымдастырылған жас ақындар додасы екі кезеңнен тұрды.Бірінші іріктеу кезеңінен өткен ақындар екінші, финалдық кезеңде өлеңдерін көпшіліктің алдында оқыды. «Мәдениет» ақпарат порталының құрылтайшысы әрі бас директоры Бауыржан Қарағызұлы бастаған қазылар алқасының шешімімен бас жүлде Гуманитарлық колледж студенті Ж.Жолдымұратқызына берілді. Бірінші орынды А.Құлмаханова (жоғары медициналық колледж) иеленді.
Екінші орын жүлдесін Ә.Құрманаева (жоғары көлік және коммуникация колледжі) мен Е.Ермекұлы (медициналық-техникалық колледж) бөлісті. Үшінші орынды С.Авил (менеджмент және бизнес колледж) мен ­М.Оразай (жоғары көлік және коммуникация колледж) алды.
«Көрермендер көзайымы» аталымында жоғары көлік және коммуникация колледжінің студенті А.Әліпбек, «Шығармашыл жас ақын» аталымында Е.Қаржаубай, «Жаңашыл жас ақын» аталымында – Қ.Тұрғынбек топ жарды.

Светлана ӘЛІМОВА

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button