Жаңалықтар

Отбасы құндылығы насихатталды

«Жанұя» отбасын қолдау орталығында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің елордалық департаменті және Білім басқармасының ұйымдастыруымен «Астана – адалдық алаңы» жобасы аясында қалалық «Парасатты отбасы» байқауы өтті.Байқауда аудандық кезеңнен өткен, парасатты және қоғамдық жұмыстарда белсенді әрі қайырымдылығымен көзге түскен 12 отбасы өзара бақ сынады. Қатысушылар «Менің отбасым» тақырыбында бейнероликтер ұсынып, қаншалықты өнерлі екендерін көрсетті. «Бұған дейін елорданың 4 ауданында іріктеу кезеңі өтіп, бүгінгі ақтық сынға үздік отбасылар таңдалынып алынды. Бұл шарада әр отбасының өзіндік ұстанатын құндылықтары кеңінен насихатталды. Біз байқауға қатысқан барлық отбасылар туралы деректерді қалалық әкімдікке жібереміз. Яғни алдағы уақытта осы отбасыларды жақсы қасиеттерін барша елорда жұртына үлгі етуіміз керек. Сыбайлас жемқорлықпен күресте отбасының атқаратын маңызы зор. Өйткені бүгінгі жас ұрпақ – ол ертеңгі әке, ана, мемлекеттік қызметкер және қоғамның белсенді мүшесі» деді Нұр-Сұлтан қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент төрағасының бірінші орынбасары Жазира Жылқышиева.
Байқау нәтижесінде 1-орынды Абдыкуловтар отбасы, 2-орынды Габдуллиндер отбасы, 3-орынды Ертұрғановтар отбасы иеленсе, «Парасатты отбасы» атағына Байқоңыровтар отбасы, «Көптілді отбасы» – Желдібаевтар, «Үздік оқырман отбасы» – Аманкелді, «Интеллектуалды отбасы» – Азмухаметовтар, «Шығармашыл отбасы» – Тілек отбасы, «Шеберлер отбасы» – Нұрмағамбетовтар, «Өнерлі отбасы» – Ибадуллаевтар, «Жомарт отбасы» – Ибрагимовтар отбасы танылып, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button