Жаңалықтар

Көпбалалы отбасыларға – жәрдемақы

Елордада 2020 жылы көпбалалы отбасыларға берілетін жаңа мемлекеттік жәрдемақыға құжат тапсыру басталды.2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап берілетін мемлекеттік жәрдемақы 4 немесе одан да көп кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын балалары бар барлық көпбалалы отбасыларға табысына қарамастан төленеді. Оның мөлшері бала санына қарай сараланады. Яғни 4 баласы бар отбасыларға – 42496 теңге, 5 балаға – 53127 теңге, 6 балаға – 63757 теңге, 7 және одан да көп балаларға 74388 теңге төленеді.
Бүгінде елордалық ХҚО бөлімдерінде, «Жанұя» отбасын қолдау орталығында және қаланың басқа да пункттерінде құжаттарды қабылдау жүргізілуде. Құжаттарды қабылдау желтоқсан бойы жүргізіліп, 2020 жылдың қаңтарында қайта жалғасатын болады. Қазіргі таңда аудан әкімдері арқылы осы жылдың желтоқсан айында көпбалалы отбасылардан өтініштер қабылдау қажеттілігі туралы түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды. Құжаттарды қабылдау 3 желтоқсаннан бастап Бейбітшілік көшесі, 14 мекенжайы бойынша орналасқан «Жанұя» отбасын қолдау орталығында және елорда тұрғындарының ыңғайлылығы үшін Нұр-Сұлтан қаласының Алматы ауданы (Тәуелсіздік даңғылы, 7), Байқоңыр ауданы (Брусиловский көшесі, 17/3), Есіл ауданы (Қабанбай батыр даңғылы, 33), Сарыарқа ауданы (Сарыарқа даңғылы, 13) бойынша әкімдерінің аппараттарында азаматтарды қабылдау үшін балама қабылдау орталықтары арқылы жүргізіліп жатыр.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button