Мәдениет

Музейлер шеруі

Ұлттық музейдің бес жылдығына орай «Ұлы дала мұрасы» атты музейлер шеруі өтіп, оған келген қала тұрғындары мен қонақтар бас мұражайға тегін кіріп, түрлі мәдени шараларды тамашалады.Кештің ашылуында Ұлттық музей директорының орынбасары Алмаз Нұразхан келген адамдарға ризашылығын білдіріп, өтіп отырған шара туралы қысқаша мәлімет берді.
Қазақ Ұлттық өнер университетінің тәрбие ісі жөніндегі проректоры Қымбат Тілеуова бұл музейлер шеруін «Жастар жылы» аясында аталған оқу ордасы ұлттық музеймен бірлесіп өткізіп отырғанын жеткізді.Музей шеруі барысында суретші, гипер­реалист-мүсінші, «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Айдос Есмағамбетовтің гримдеуі ұйымдастырылды. Белгілі актриса Меруерт Өтекешованың жетекшілігімен «Қайырлы кеш» театрландырылған қойылымы көрсетілді. «Ежелгі және ортағасырлар тарихы» залында «Жанданған базар: «Абай» көрінісі, Қазақ Ұлттық өнер университетінің талантты бишілерінің әсем бал биі, цирк әртістерінің шоуы жүргізілді. «Мысыр Ұлттық музейде» және «Quintessence» атты топтық көрмелері ашылып, сонымен қатар әр залда театрландырылған көріністер, этно-коллекция бойынша дефиле, қазақша қол күрес, «Асығың алшысынан түссін!» ұлттық ойындары өтті. Сонымен бірге кеш барысында «Green products» ЖШС «G-life» ауызсуы және «Нәтиже» фирмасы сүт тағамдарын ұсынды.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button