Қала мен Сала

Астанадан ауылға дейін…

Алматы облысы

Облыста қымыз өндірісі жылдан-жылға өркендеп келеді. Жетісу жеріндегі шаруалар биыл 800 тонна қымыз өндірген. 700 тонна қымыздың әр литріне 60 теңгеден субсидия берілді. Ал жылқы саны өткен жылмен салыстырғанда 354 мың 600 басқа жетті.

Түркістан облысы

Ордабасыдағы тауарлы сүт фермасы Нидерланд елінен әкелінген робот-сауыншылармен жабдықталып жатыр. Бастапқыда сауыншыны құлтемір алмастырған, енді сиырлардың жем-шөбін де робот реттейтін болады. Бүгінде өз өнімдерін өңдеуге көшкен өндірістің сүт зауыты тағы бар.

Атырау облысы

Атырау облысында шалғай­дағы елді мекендерді газдандыру бойынша белсенді жұмыстар жүріп жатыр. Жо­ба­ның жалпы құны – 10 млрд теңге. Жоба аясында алыс орналасқан елді мекендерге ұзындығы 365 шақырым магистралдық газ құбырын төсеу жоспарлануда. Бүгінгі таңда 274 шақырым газ құ­быры желісі жүргізілді.

Қызылорда облысы

Жақын күндерде жылына 4 мың тоннаны құрайтын балық зауыты іске қосылады. Өңірдің индустриалдық-инновациялық даму жос­парында жарияланғандай, кәсіпорын құны 160 млн теңгені құрады. Зауытта 100 адам жұмысқа тартылатын болады.

Қостанай облысы

Қостанай облысы әкімдігі Челябі облысының қазақ диа­спорасына көмек көр­сету, ана тілін үйретуде ұйым­дас­тырушылық-әдісте­­мелік кө­мек көрсету мақсатында дөң­гелек үстел жиынын өт­кізді.

Маңғыстау облысы

Ақтауда 50-ден астам цифрлық жобалар қолда­нысқа қосылады. Олардың қатарында бірегей дис­пет­черлік қызмет, смарт-аял­дамалар мен «қағазсыз» меди­циналық қызмет көрсету ке­шендері бар. Автобус аялдамаларына жылу және ауа баптау жүйелері орнатылып, қоғамдық көлік кестесі жазылған цифрлық ақпарат тақталары ілінеді.

Шығыс Қазақстан облысы

Абай ауданының орталығы – Қарауыл аулында ойшыл, ғұлама, ақын Шәкәрім Құ­дай­бер­діұлының 160 жыл­дық мерейтойы кеңінен аталып өтті.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button