Мәдениет

«Абай оқуларында» топ жарды

Елбасы кітапханасында «Абай оқулары» ІІІ жыл сайынғы әдебиет сайысының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Дәстүрлі сайысқа еліміздің түкпір-түкпірінен және алыс-жақын шетелдерден екі жүздің үстінде өтінім келіп түскен. Соның ішінде Еуропа мен Азия және ТМД елдерінен келіп түскен жұмыстар да бар. Ал әлеуметтік желілер арқылы 20 мыңнан астам адам үн қатқан. Қатысушылар мен қонақтар ұлы Абай шығармашылығына арналған кітап көрмесін де тамашалады. Байқау қорытындысы бойынша төмендегі қатысушылар жеңімпаз атанды:
Бас жүлде – Гүлбибі Сейдалиева (Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 4-курс студенті, Өскемен қаласы);
І орын – Арай Жылқыбаева (ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығы ауруханасының дәрігер-менеджері, Нұр-Сұлтан қаласы);
ІІ орын – Медина Жылқыбаева (Ақмола облысы Қосшы ауылындағы №2 мектептің 10-сынып оқушысы);
ІІІ орын – Ерсұлтан Нүсіпжанов (Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің 3-курс студенті, Тараз қаласы);
«Абай мұрасын әлемдік деңгейде насихаттаушы» номинациясы – Бекзат Смағұлов (ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Өнер департаментінің сарапшысы);
«Ең кішкентай үміткер» номинациясы – Жігер Хасен мен Әнел Мұхамәжитова (Павлодар облысы Екібастұз қаласындағы №24 «Айналайын» балабақшасының тәрбиеленушілері);
«Көрермен көзайымы» номинациясы – Қырмызы Арын (Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 8-сынып оқушысы);
«Ең белсенді қатысушы» номинациясы – Мұхамеджан Әбдиев (Б.Момышұлы атындағы №45 мектеп-гимназияның 7-сынып оқушысы, Тараз қаласы).

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button