Әлеумет

Әлеумет сауалы

ҚАР ҮСТІНЕ ҚҰМ ЖАЙДЫ

Арслан Атығаев:
– Бұл – Петров көшесі, 19/1 мекенжайындағы тұрғын үй ауласындағы балалар алаңы. Бюджет қаржысын игерген түрлері ме екен, әйтеуір, құмды қардың үстіне төгіп тастапты. «21-ғасырдағы қандай керемет жұмыс – бұл?»

 

Алматы ауданы әкімдігі:
– Құрметті Арслан Атығаев! Балалар алаң­дарын абаттандыру бойынша Петров көшесіндегі 19/1-үй ауласының жұмысы аяқталды. Фотоматериал ұсынылады. Қаланы жақсартуға қосқан үлесіңіз үшін алғыс білдіреміз.

БАСТАДЫ ДА ТАСТАДЫ

Петр Чернига:
– Қайырлы күн! Потанин көшесінің бойындағы, яғни «Динамо» спорт кешенінің маңындағы кәріз құдығына жөндеу жүргізілген болатын. Бірақ бастаған істі кейінге қалтырған ба, аяқтамапты. Осыны реттесеңіздер.

Сарыарқа ауданы әкімдігі:
– Құрметті Петр Чернига! Сіздің ескертуіңіз бойынша жұмыс жүргізілді. Назарыңызға фотоматериал ұсынамыз. Хабарласқаныңызға рақмет!

ҮЙІМІЗГЕ КІРЕ АЛМАЙ ӘЛЕКПІЗ

Марина Горбась:
– Қайырлы күн! Қобыланды батыр көшесінің бойындағы үйде тұрамын. Көктемде ауламызға абаттандыру жүргізіліп, көлікке арналған тұрақ жасалып, футбол алаңы қоршалған болатын. Бірақ қуанышымыз ұзаққа созылмады. Шілде айында құбыр жаңартылады деп маңайымызда қазу жұмыстары басталды. Үйілген топырақтан көлік тұрағы мен футбол алаңы тарылып қалды. Содан бері әлі күнге дейін солай тұр. Қазір көлікпен өтпек түгілі бұл жермен жаяу жү­рудің өзі мұң. Айна­ланың бәрі лай-батпақ. Қалалық әкімдік осыған назар аударса екен.

 

 Отын-энергетикалық кешен және коммуналдық шаруашылық басқармасы:
– Құрметті Марина Горбась! Сіздің ескертуіңіз бойын­ша асфальт төсеу, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Дәлел ретінде фотоматериал ұсынылады. Белсенділік танытқаныңыз үшін алғыс білдіреміз.

КӨРМЕЙІН ДЕСЕҢ, КӨРНЕКТІ ЖЕР

Рүстем Жансейітов:
– «Ұрлы жол». Адам аяғы үзілмейтін бетке ұстар вокзалдағы бұл атау көзге түрпідей көрінеді екен.

iKomek қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы:
– Құрметті Рүстем Жансейітов! Ескерту бойынша жұмыс жүргізілді. Фотоматериал ұсынылады. Қала өміріне бей-жай қарамағаныңыз үшін алғыс білдіреміз.

АЯЛДАМАДА АҚАУ БАР

Erulan Baidualiev:
– Сәлеметсіз бе. Бүгін «Жағалау-3» аялдамасынан кабельдің шұбатылып жатқанын байқадым.

Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы:
– Құрметті Erulan Baidualiev! Бұл аялдамадағы ақауларды жою жұмысы жүргізілді. Назарыңызға фотоматериалды ұсынамыз. Хабарласқаныңызға рақмет!

БАЛАБАҚША МАҢЫ «БЫТ-ШЫТ»

O_p_t_i_m_u_s__p_r_i_m_e:
– «Шығыс» тұрғын үй кеше­ні­нің жанындағы, яғни Е12 көшесі, 4 үй мекенжайындағы «Зияткер» балабақшасының маңайы лас боп жатыр. Тез арада тазалық жұмыс­тарын жүргізулеріңізді талап етеміз.

Есіл ауданы әкімдігі:
– Құрметті қала тұрғыны! Сіз айтқан мекенжай бойын­ша тазалық жұмыстары жүр­­гізілді. Дәлел ретінде мына суретті ұсынамыз. Белсенділік танытқаныңыз үшін рақмет!

ЖОЛ ЖӨНДЕГЕНІН ҚАЙТЕЙІН, ТАС ТӨСЕМЕДІ

 

Valentina Deiger:
– Тиісті мекемелерге хабарласқанымыздан кейін Аралқұм көшесінің жолы жөнделген болды. Бірақ оның бетіне тас төсеуді ұмытып кеткен бе? Қазір жол үстінде шағын үйінді жатыр. «Біреу-міреу тегістейтін шығар» деген оймен осы маңның тұрғындары сол жерге күл-қоқыс­тарын төгіп жатыр. Бұл жұмысты дереу аяқтау­ларыңызды сұраймыз.

Алматы ауданы әкімдігі:
– Құрметті Valentina Deiger! Сіздің шағымыңыз бойынша жұмыс жүргізілді. Жол үстінде үйіліп тұрған тас төселді. Дәлел ретінде фотоматериал ұсынылып отыр. Белсенділік танытқаныңыз үшін рақмет!

 

Деректер iKomek қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығынан іріктеліп алынды.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button