Қоғам

Алло, «Астана ақшамы»!

Жангелді ШАЛҚАР, елорда тұрғыны:
– Биыл Астанадағы коммуналдық қызметтер тарифіне қандай өзгеріс енгізілді?

Оқырман сауалына ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Астана қаласы бойынша департамент басшысы Болат Танабергеновтің жауабын ұсынамыз.
– Биылғы 1 қаңтардан бастап тек газдың бағасынан басқа тарифтер әзірге өзгерген жоқ. 1 ақпаннан бастап сұйытылған мұнай газын бөлшек саудаға өткізу тарифі бұрынғыға қарағанда 6,5 пайызға өсті. Бұл өсім ішкі нарықта сұ­йытылған мұнай газын көтерме саудада сатудың маржиналдық бағасының өсуі және газ құбырлары арқылы тасымалдау тарифінің өсуі есебінен болды.
Заңнаманың талаптарына сәйкес, 2015 жылдан бастап барлық табиғи монополиялар субъектілері үшін 2016-2020 жылдарға арналған ұзақ мерзімді тарифтер бекітілген. Табиғи монополиялар субъектiлерi тарифтер өзгерген жағдайда заңға сәйкес тұтынушыларға бұл туралы бiр ай бұрын хабарлауға тиiс. Алайда өсім ағымдағы жылға бекітілген ұзақ мерзімді тариф деңгейіне ғана рұқсат етіледі. Ұзақ мерзімді тариф қызмет көрсету кезінде қажетті стратегиялық тауарлардың бағасы көтерілген жағдайда және табиғи монополия субъектісі халықаралық қаржы ұйымдарының несиелерін тартқан жағдайда ғана өсуі мүмкін. Жалпы, тарифтер қатаң бақыланып отыр.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button