Денсаулық

Антына адал дәрігер

Адам жанына араша түсетін дәрігер мамандығы үлкен жауапкершілікті талап етеді. Себебі медицина өкілдерінің мойнына артылар жүк өлшеу­сіз. Әсіресе, биыл індетпен күресте алғы шепте жүріп, міндетін адал атқарған, өмір мен өлім арпалысында талай науқасты аман алып қалған ақ халаттылардың еңбегі ерен. Солардың бірі – №2 көпсалалы қалалық аурухананың пульмонология бөлімінің меңгерушісі – Жансая СОПЫҒАЛИЕВА.Еңбек биігін бағындыруды жас маман терапевт қызметінен бастайды. Бұл дәрігерді шыңдап, тосын оқиғаларда тосылып қалмайтындай тәжірибе берді. Алайда Жансая елімізде пульмонологтардың тапшы екенін білгеннен бастап, сол салада қызмет етуге бел байлайды.

«Көпшілік пандемияға дейін пульмонологтың қандай қызмет атқаратынын білмеді. Мәселен, өзімнің таныстырған кезде бірден қандай маман екенімді сұрайтын. Енді бәрі біледі деп ойлаймын. Атам менің дәрігер болғанымды армандаған және бұл менің мамандық таңдауыма әсер етті. Университетті бітіргеннен кейін емханада терапевт болып жұмыс істедім. Екі жылдан кейін пульмонологтардың жеткіліксіз екенін көрдім. Осыдан кейін сол мамандықты таңдауға шешім қабылдадым» дейді дәрігер.

Наима НҰРАЛЫҚЫЗЫ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button