Мәдениет

Жетістікке толы жылдар

Нұр-Сұлтан қаласы Мемлекеттік академиялық филармониясы Қоғаммен байланыс және халықаралық қатынастар бөлімінің жетекшісі Мейрамғазы Сапарғалиев Тәуелсіздіктің отыз жылында еліміз қол жеткізген жетістіктер туралы айтты.

 

«Тәуелсіздік алғаннан бері көптеген жетістікке қол жеткіздік. Алғашқы жылдары бірқатар қиындық болды. «Көш жүре түзеледі» демекші, кейіннен көптеген мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асты. Тұрғындардың негізгі мәселесі баспана болғандықтан, бұл тұрғыда да түрлі мемлекеттік бағдарламалар іске асырылып, әртүрлі жеңілдіктер көрсетіліп, жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мәдениет саласында да көптеген ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктер бар. Тарландарымыз елімізді шетелдерде танытып жүр. Солардың бірі – Димаш Құдайберген. Сонымен қатар енді ғана жарқ етіп шығып жүрген Ержан Максим, Данелия Төлешова сияқты балаларымыз да еліміздің атын әлемге паш етуде. Олардың барлығы мемлекеттің мәдениетке көңіл бөлуінің арқасы деуге болады» деді ол.
Оның айтуынша, Қазақстан Тәуелсіздігін алған отыз жыл ішінде жеткен жетістіктерінің қатарына елімізде өткен үлкен-үлкен халықаралық ірі саяси жиындар, спорттық шараларды жатқызуға болады.
Қысқы универсиада, Азияда сияқты спорттық шаралар арқылы да шетелдік спортшылар, жанкүйерлер елімізге келіп, Қазақстанды таныды. Сол сияқты елімізді әлемге танытқан шараның бірі – «ЭКСПО» халықаралық көрмесі.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button