Мәдениет

Көпестер салған көне театр

Ең көне елордалық өнер ошағы – М.Горький атындағы орыс драма театры. Театрдың 119 жылдық тарихы өнер майталмандарының талмай еңбектенуінен бастау алады. Осы орайда аталмыш театрдың қалай және қашан құрылғанына тоқталуды жөн көрдік.

1899 жылы Ақмолада драма өнерін сүйетін қауым мен жергілікті көпестердің арқасында театр ашылып, көп ұзамай ол қала тұрғындары арасында асқан танымалдылыққа ие болды. Ал театрдың штаты 1920-жылдардың басында ғана толықтай жасақталған.

1940 жылы Ақмола театры алдыңғы қатардағы шығармашылық ұжымға айналды. Театр труппасында бұрынғы АЛЖИР қамауында болған әйелдер де жұмыс істеді. 1943 жылдан бастап қазақ бөлімі өз жұмысын бастады. Осы кезеңдегі алғашқы қойылым – Ғабиден Мұстафиннің «Қозы Көрпеш пен Баян сұлу» пьесасы бойынша қойыл­ған «Жарыс» спектаклі болды.

1959 жылдан бастап театрға Максим Горькийдің есімі берілді. 1970-1980-жылдар зор шығармашылық табысқа толы болды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button