Мәдениет

Ақын ғұмырынан сыр шертеді

Елорданың оң жағалауындағы М.Әуезов пен С.Сейфуллин көшесінің қиылысындағы ХІХ ғ. ІІ-ші жартысы мен ХХ ғ. басында салынған ғимаратта Сәкен Сейфуллин музейі орналасқан. Екі ағаш үйдің біреуі бұрын көпес Казанцевтің әкімшілік үйі болған. Сәкен осы үйге жұмыс бабымен келіп жүрген. Екіншісі – Сәкеннің досы, дәрігер Благовещенскийдің үйі, мұражайдың әкімшілік ғимараты.

Бұл қара шаңырақ ақынның қамшының сабындай қысқа ғұмырынан сыр шертеді. Мұнда ақын өмірі мен қызметіне байланысты материалдық, рухани ескерткіштер мен естеліктер қойылған. 1937 жылы тұтқындалғаннан кейін Сәкеннің қолжазбаларын, кітаптарын, хаттарын, жеке заттарына дейін тәркілеген. Дегенмен ақынның адал жары Гүлбаһрамның арқасында бүгінде Сәкен мұражайында оның көзі тірісінде қолданған, әр кезеңдеріне қатысты жәдігерлер жинақталып, мұражай төрінде тұр.

Жары Сәкен ақталғанға дейін аман-есен оралар деген үмітпен, біраз заттарын көзінің қарашығындай сақтайды. 1973 жылы Гүлбаһрам дүниеден өткенде Сәкен Сейфуллиннің заттары Алматы мұражайына өткізілген. Соның ішінде, Сәкеннің алтын сағаты да бар. 1936 жылы кеңінен аталып өткен С.Сейфуллинің әдеби және қоғамдық қызметіне 20 жыл толуына байланысты ұйымдастырылған шарада ел Үкіметі сыйға тартқан. Жұбайының қолында сақталып, 1960 жылдары Целиноград қаласындағы тарихи-өлкетану мұражайына тапсырылған. 1988 жылдан бері мұражай жәдігерлерінің қатарын толтырып тұр.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button