Мәдениет

«Ашық сахнада» бағыңды сына

Қазақстанда Жас дарындарды қолдау мақсатында «Ашық сахна» байқауы өтеді. Бұл байқау өнер саласындағы 18 бен 45 жас аралығындағы дарындарға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылуда. Байқау өтетін мерзім – 2022 жылдың желтоқсан айы – 2023 жылдың мамыры. Жүлде қоры – 4 000 000 теңге.

«Ашық сахна» республикалық байқауы бес іріктеу кезеңнен тұрады. «Хореография», «Либретто», «Музыка», «Сценография» аталымдары бойынша жеңімпаздар анықталады. Бірінші кезең онлайн форматта өтеді. Әр аталым бойынша жеңімпазға 1 000 000 теңге көлемінде қаржылай жүлдемен қатар, «Астана Балет» театрының репертуарына қосылатын толыққанды хореографиялық туынды шығаруға мүмкіндік беріледі.

Байқаудың қазылар алқасының құрамында «Астана Балет» театрының басшылығы мен еліміздің мәдениет және өнер саласындағы еңбек сіңірген қайраткерлер бар.

Байқауға қатысу туралы өтінішті 2022 жылғы 1-31 желтоқсан аралығында ashyq_sakhna@astanaballet.kz  электронды поштасына жолдау керек. «Астана Балет» театрының сайтында әр аталым бойынша байқаудың регламенті және шарттарымен танысуға болады.

Қорытынды шығарып, жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 2023 жылғы 1-мамырында «Астана Балет» театрының сахнасында өтеді. Сондай-ақ осы күні «Ашық сахна» байқауының жеңімпаздары қойған хореографиялық туындының премьерасы болады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button