Шаһар шежіресі

Бұрын да, қазір де балабақша

Бұл сурет 1978 жылдың жаз айында түсірілген. Суреттегі ғимарат –  Целиноград қаласының Әліби Жангелдин көшесінде орналасқан екі қабатты  «Березка» балабақшасы.

Ол кездегі қалалық оқу бөліміне қарасты мектепке дейінгі мекемеде үш топта қырық сегіз бүлдіршін тәрбиеленіпті.

– Бұл ғимарат менің көзіме оттай басылды. Мен үш жасымнан бастап осы балабақшаға бара бастадым. Балалық сәттің бір сәтін жарты ғасырға жуық уақыттан кейін көз алдыма әкеліп отырған фотографқа мың алғыс, – дейді елоданың байырғы тұрғыны Айша Есімова.

Бір қызығы, бұл қазір де «Аққайың» балабақшасы аталады екен. Күрделі жөндеуден өткізіліп, ауласы кеңейтілген ғимарат сол күйі сақталыпты.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button