Елорда тынысы

Асқар Забикулин көшесі ашылды

Құтқарушылар күні қарсаңында Астана қаласы Үркер шағын ауданында өрт сөндіруші, I дәрежелі «Айбын» орденінің иегері Асқар Забикулиннің аты берілген көше ашылды.

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі жедел кезекшісінің көмекшісі Асқар Забикулин былтырғы күзде өрт сөндіру кезінде 3 адамның өмірін құтқарып, алған ауыр жарақаттан 20 қараша күні ауруханада көз жұмды. Оның артында жұбайы мен екі баласы қалды.

Мемлекет басшысының тапсыр­масы бойынша Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 19 қаңтардағы шешімімен елордадағы көшелердің біріне ержүрек өрт сөндірушінің есімі берілді.

Көшенің ашылуына Асқар Забикулиннің туыстары, зайыбы мен балалары, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері, Астана қаласы Төтенше жағдайдар департаменті басшылығы мен жеке құрамы қатысты. Іс-шара барысында ағаш отырғызылды.

Бейбіт күн батырының есімін елдің есінде мәңгі есте қалдыру мақсатында «Қаһарман» телехикаясы түсіріліп, өткен айда «Astana» телеарнасынан көрсетілді. Сондай-ақ елордадағы №6 өрт сөндіру бөліміне Асқар Забикулиннің аты берілді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button