Басты ақпарат

Астана – бейбітшілік қаласы

 Астана әкімі Әсет Исекешев елорданы әлемдегі ең ақылды 50 қалалардың тізіміне енгізу мақсатында жұмыс жүргізіліп жатқанын баяндады. Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы мен Сыртқы істер министрлігі бірігіп өткізген «Астана – бейбітшілік қаласы» халықаралық конференциясында мәлім етілді.  

Алдымен, шаһар басшысы елорданың 20 жылдық жетістігіне тоқталды.
– ЕҚЫҰ саммиті, «EXPO-2017» халықаралық көрмесі, Ислам ынтымақтастығы ұйымының саммиті – Астанада өткен ірі форумдардың бір бөлігі ғана. 20 жыл – кез келген қала үшін тек бастама. Осы уақыт аралығында әртүрлі міндеттер атқарылып, жаңадан қала салынды. Бүгінде елордада еліміздің жаңа толқыны өмір сүріп жатыр. Қала халқы 3,5 есе өсіп, миллионнан асты. Ал инвестиция көлемінің жылдық мөлшері 44 есеге көбейді. Елорданың жетістіктері Астананы урбанизацияның заманауи үлгісіне айналдырады, – деп атап өтті Әсет Исекешев.
Сондай-ақ, қала әкімі ел­орданың даму жолдарымен таныстырды. «Астананы әлемнің саяси және дипломатия орталығының жоғары стандартына сәйкес­тендіре отырып, еліміздің инновация, сауда, экономика, денсаулық сақтау, білім беру салаларының ор­­талығына айналдыруды көз­дейміз. Осы орайда, қаланы жаңғыртудың жаңа бағдарламасы әзiрленiп жатыр. «Ақылды әрi қауiпсiз қала» тұжырым­дамасы адам капиталы мен қала ин­фрақұрылымын дамытуға септігін тигізеді. Әлемдегі 50 интеллектуалды әрі за­ма­науи қалалардың қатарында көріну үшін Ас­тана Еуразияның мәдени, ғылыми орталығы ретінде
өз әлеуетін нығайтып, өңір­лерден ғалым-зерттеу­шi­лерді, студенттерді тартуға мүдделі» деп сөзін қорытындылады қала басшысы.
«Астана – бейбітшілік қаласы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы отандық және шетелдік саясаткерлер мен беделді сарапшыларды тарту мақсатында ұйымдастырылды.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Бір пікір

Пікір үстеу

Back to top button