Жаңалықтар

Астана қалалық ЖИТС орталығының бас дәрігері Казань қаласында өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

 2016 жылдың 26-27 қыркүйегінде ЮНЕЙДС еларалық кеңсесінің шақыруы бойынша Астана қаласының ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының бас дәрігері С.Абдраимов Казань қаласында (Ресей, Татарстан) өткен «Шығыс Европа мен Орталық Азиядағы көші-қон мәселелері. Қазіргі заманғы сын-қатерлер, тәжірибе және инновация» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысып, «Астана қаласында мигранттар арасындағы АИТВ-жұқпасының алдын алудың негізгі мәселелері» тақырыбында баяндама жасады. Конференция жұмысына 9 елдің өкілдері, АИТВ/ЖИТС-тың алдын алу және көші-қон саласында жұмыс атқаратын  жетекші ғалымдар мен ғылыми-зерттеу орталықтары, мемлекеттік құрылымдар және халықаралық ұйымдары қатысты.

dsc00256

Қатысушылар көші-қон саясатының тұжырымдамасын, көші-қон саласындағы заңнаманы, қоғамдық денсаулық сақтау, санитарлық-эпидемиологиялық және көші-қон салауаттылығын қамтамасыз ету, мигранттарды әлеуметтік, мәдени бейімдеу және ықпалдастыру мәселелерін талқылады, сондай-ақ, қауіпсіз, реттелген және заңды көші-қонды қамтамасыз ету мақсатында  бейін білдірілді. Өз сөзінде, Астана қаласының ЖИТС орталығының басшысы  АИТВ инфекциясының таралуындағы көші-қон рөлін және эпидемияны тежеу мақсатында атқарылатын шараларды атап өтті, конференция қатысушыларымен еңбекші мигранттар арасындағы профилактикалық жұмыс бойынша  тәжірибесімен бөлісті. ЖИТС орталығының мигранттар арасында АИТВ-ның алдын алу бойынша атқарылатын жұмысы Татарстан Денсаулық сақтау министрлігі және Ресейдің Федералдық Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және адам саламаттылығын қадағалау қызметі тарапынан оң баға алды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button