SportЖаңалықтар

Астанада шағын футболдан қайырымдылық турнирі өтеді

9 маусым күні «Астана Арена» стадионында мұнай-газ саласы және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасында шағын футболдан «ELORDA-2018» турнирі өтеді, деп хабарлайды Елорда инфо.

Аталмыш іс-шараның ұйымдастырушылары – «Шелл Қазақстан» компаниясы мен «ELORDA AQPARAT» медиакомпаниясы.

Турнир Астана қаласының 20 жылдығы және «Шелл» компаниясының Қазақстандағы 25 жылдығы аясында елорда әкімдігінің қолдауымен өтеді.

Жарысқа 16 команда қатысады. Оның ішінде Астана қаласы әкімдігі, ҚР Энергетика министрлігі, «Шелл Қазақстан», «Қазақмұнайгаз ҰҚ» АҚ, «ЭНИ», «Тоталь», «НКОК Н.В.», «КПО Б.В.», «PSA» ЖШС, «Qazaqstan», «Хабар», «Егемен Қазақстан», «Astana TV», «QAZAQ RADIOSY», «Қазинформ» және «ELORDA AQPARAT» командалары бар.

Жарыстың ашылу салтанатына Астана қаласы әкімдігінің, ҚР Энергетика министрлігінің және «Шелл Қазақстан» компаниясының басшылығы қатысады.

Мұнай-газ саласының өкілдері жарысқа қатысу үшін жарна қосады. Мұнай-газ компанияларынан жиналған қаражат 2019 жылы наурызда БАӘ-де өтетін Дүниежүзілік Жазғы Олимпиада ойындарына мүмкіндігі шектеулі жасөспірімдерден құралған шағын футболдан Қазақстанның жастар құрамасының дайындығы үшін «Спешиал Олимпикс Қазақстан» ұйымына аударылады.

Турнирдің басталуы: сағ.: 9.00.

Ашылу салтанаты: 10.00.

БАҚ өкілдері Тұран көшесі жағынан кіреді (Астана Арена стадионы).

Журналистерді тіркеу – 7 маусым күні сағ 17.00-ге дейін.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button