#Жаңа Қазақстан

Бәсеке ­артады

19 наурыздағы сайлаудан кейін біз мүлдем жаңа Парламентті көреміз деген үмітіміз зор. Осы жолғы сайлау нәтижесінде мүлдем басқа, барынша белсенді, бастамашыл Парламентті көреміз деп ойлаймын.

Парламентте қызу пікірталас пен пікірсайыс жүруі тиіс. Черчилль де «Көшеге қарағанда Парламентте төбелес пен күрестің болғаны жақсы» деп тегін айтпаса керек. Мұндай Парламент биліктің басты тармағы ретіндегі оның рөлі мен маңызын арттыру үшін жағдай жасайды. Ең бастысы, бір мандатты депутаттар сайлауда бәсекені арттырып, саяси науқан қыза түсері сөзсіз. Жаңа Парламент, шын мәнінде, биліктің өкілдік органына айналады деп сенемін. Оның алаңында бүкіл қоғам үшін маңызы бар мәселелер көтеріледі. Бұл Президент реформаларының нақты жемісі болмақ.

Еркін ТҰҚЫМОВ,

Қазақстан Рес­пу­бликасы Президенті жанындағы стратегиялық зерттеулер институтының ­директоры

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button