Мәслихат

Бесінші шақырылым қалалық мәслихат депутаттарының және Астана қаласы тұрғындарының назарына!

2014 жылдың 28 мамырында сағат 10.00-да қалалық мәслихаттың мәжіліс залында (Бейбітшілік к-сі, 11, 220 кабинет) бесінші шақырылым Астана қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы шақырылады.

Сессияның қарауына келесі мәселелер енгізіледі:

1. Астана қаласының 2013 жылға бюджетінің орындалуы туралы есепті бекіту туралы.

2. Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алуға байланысты жер учаскелерін немесе жылжымайтын өзге мүліктерді сатып алу туралы шарттардың жобаларын келісу туралы.

3. Астана қаласы мәслихатының 2012 жылғы 6 маусымдағы «Астана қаласының әлеуметтік маңызды бағыттарының тізбесін бекіту туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы.

4. Астана қаласы мәслихатының 2012 жылғы 25 қаңтардағы «Бесінші шақырылым Астана қаласы қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларын сайлау­ туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Анықтама алу үшін телефондар: 55-66-35, 55-66-36, 55-66-37

С. Есілов,
Астана қаласы мәслихатының хатшысы

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button