Басты ақпаратЖаңалықтарҚала тіршілігіЭкономика

ФРАНЦУЗ КОМПАНИЯСЫМЕН МЕМОРАНДУМ ЖАСАСТЫ

ERA_9443

VII Астана экономикалық форумы аясында елорда әкімдігі мен француздық «EIFFAGE-EGIS-GDFSUEZ» консорциумы арасында «ASTAINABLE» жобасын жүзеге асыру жөніндегі меморандум жасалды. Құжатқа қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов пен Францияның Қазақстандағы елшісі Франсис Этьен мырза қол қойды.

Аталған келісім аясында «Қаланың тұрақты дамуына арналған 3D ынталандырушы» жобасы жүзеге асырылады. Оның көмегімен Астанада электронды карталар қолданысқа енгізіледі. 3D жүйесінде жұмыс істейтін картаны қала инфрақұрылымы, жол, сәулет өнері мен құрылыста, кәріз желісінде кеңінен пайдалануға болады. Мұндай тәжірибемен француз компаниялары бөліспек.

Елшінің айтуынша, екі ел түрлі салаларда тығыз ынтымақтастық орнатты, алда бірлесіп жүзеге асыратын жобалар да көп.

«21 ғасырда заманауи құрал-жабдықтың болғаны дұрыс. Қалада болып жатқан оқиғалардың толық көрінісін бақылау да маңызды. Қазіргі уақытта электронды картаны пайдалану таптырмас мүмкіндік деп білемін. Бұл жобаға дейін де Астанамен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істегенбіз. Достығымыздың одан ары жалғасатынына сенемін» деп атап өтті қол қою рәсімінен кейін Франсис Этьен.

Жобаны толықтай қаржыландыруды француздар өз міндеттеріне алған. Жүзеге асыру үшін шамамен 3 млн еуро жұмсалады деген болжам бар. Ал, елорда әкімдігі жобаның кедергісіз жүзеге асып, толықтай орындалуын қадағалайтын болады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button