Қала тіршілігі

«ДОСТЫҚ АЛЛЕЯСЫ» АШЫЛАДЫ

attachment82

Қалалық этномәдени орталықтары мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері «Достық аллеясы» акциясын өткізбек.

Бастамашы топтың арасында қала­лық Ардагерлер кеңесінің басшысы Амангелді Сыздықов, Астана қалалық кәсіподақтар Кеңесінің төрағасы Сәрсенбай Мыңбаев, «Жасыл ел» отрядының мүшесі Нұрсұлтан Айбатыров, «Оберег» украин этнобірлестігінің жетекшісі Тамара Ширмер, «Злата» болгар этномәдени бірлестігінің жетекшісі Ольга Андриевская, «Қырғызстан-Астана» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Шавхат Исмаилов бар.

«Қала күні қарсаңында «Достық аллеясына» ағаш отырғызып, сүйікті қаламыз­дың көркін арттыруға үлес қосуға бүкіл елор­да­лық­тарды шақырамыз. Қазақта «Артыңда мал қалғанша тал қалсын» деген жақсы сөз бар. Бүгін отырғызған бір шыбық тал – ер­тең­ көлең­ке­сін­де келешек ұрпақ саялайтын орманға айналады» деді ізгі істің бастамашылары.

Айгүл УАЙСОВА

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button