Жаңалықтар

Димашқа арналған байқау

Қазақстандық танымал орындаушы Димаш Құдайбергеновтің концерті қарсаңында елордада оның шығармашылығына арналған сурет байқауы жарияланды. Өтінімдерді қабылдау 20 маусымға дейін «Мәңгілік ел» қақпасының әкімшілігінде жүргізіледі.

Байқауға кәсіпқой және әуес­қой суретшілер, арнайы оқу орындарының студенттері, сәндік-қолданбалы өнер шеберлері және басқалары қатыса алады. Қатысушыларға ешқандай шектеу қойылмайды. Байқауға картиналар, мүсіндер, кестелер мен талантты әншінің басқа да техникаларда орындалған суреттері қатысады.
Айта кетейік, іріктеуден өткен жұмыстар 26 маусым-26 шілде аралығында «Мәңгілік ел» қақпасындағы қазіргі заманғы өнер галереясында көрмеге қойылады. Экспозицияға келушілер мен Димаш Құдайбергеновтің фанаттары экспонаттарды жай көріп қана қоймай, оларды сатып ала алады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button