Тәуелсіздікке 30 жыл

Егемендік – баға жетпес қазынамыз

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесі қарсаңында, ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысын өткізіп, жас ұрпаққа өзінің үндеу жолдағанын көрдік.

[smartslider3 slider=1277]

Өз сөзінде Тұңғыш Президент: «Бұл – отыз жылдық белесті елмен бірге өткерген Елбасы ретіндегі менің жас ұрпаққа жолдар үндеуім деп қабылдаңыздар» деп ең басты құндылық «тәуелсіздік» екенін баса айтты. Шынымен өзінің тілі жоқ, не бір қарыс жері жоқ, салт-дәстүрімен билігі жоқ басқа елге бодан болып сол тәуелсіздікті аңсап жүрген жүрген қанша ел бар. Біз осы тәуелсіздігімізбен кең-байтақ даламызды келер ұрпақ санасына сіңіріп аманаттап қалдыруымыз керек. Оны қорғауға міндеттеуіміз керек.

Әрине, біз – көпұлтты мемлекетпіз. Бізді өз ішімізде қаншама ұлтаралық қақтығысқа итермелеуге тырысты. Бірақ күш – бірлікте екенін есімізден шығармаумыз керек. Әсіресе, Ассамблея жұмысын ерекше атап өтуіміз керек. Береке-бірліктің арқасында осы ұлан-ғайыр жерге ие болып қаларымыз хақ. Жаман ұлт болмайды, тек жаман адам ғана болады. Және қазақта: «бір қарын майды бір құмалақ шірітеді» дейді. Олар да сол көптің ішінде жүрген аз ғана топ. Татулық керек бізге.

Жер – халық қазынасы. Жер мәселесі – біз үшін ең бір жанды сұрақ. Осыншама кең-байтақ жерді ата-бабамыз қалай қорғап, бізге аманат қылса, өз ұрпағымызға біз де аман-есен табыстау керекпіз. Тәуелсіздік алған жылы шекара бекітудегі Елбасының еңбегін атап өткен жөн. Жалпы сол кезеңдегі барлық қазақ зиялылары бүгінгі күннің тарихын жасады десек болады. Жерінен айырылған елдер қазір жер бетінен жойылып кеткендерін көріп жатырмыз.

«Отан – отбасынан басталады», «Тәрбие – тал бесіктен» деп бекер айтпаймыз. Ұрпағымыз біздің еккен талымыз секілді. Дұрыс қарап, бойына адами қасиетпен біліммен суғарсаң, жайқалып түзу өседі. Қараусыз қалған тал қисық өсіп, жан-жағына зиян тигізеді. Президенттің айтып отырғаны ұрпаққа салт-дәстүрімізбен тілімізді, дініміз бен тәрбиемізді сіңіре білсек, біз саналы ұрпақ өсіргеніміз. Осыған қоса қарасақ, ұлттық мәдениет – әр елдің куәлігі. Кез келген елде сіздің мәдениетіңіз бен тарихыңыздан кім екеніңізді бағалайды. Қазақ елінің мәдениеті әліде насихаттауды қажет етеді. Біздің тарихымыз бен мәдениетіміз әлі талай елді таң қалдырары сөзсіз. Ол үшін біз болашақта сол мәдениетімізді насихаттап зерттейтін ұрпақ тәрбиелеуміз керек. Ал Елбасы білімді ұрпақ – біздің болашағымыз. Бүгінгі заман жаңа технологиялармен білімділер заманы екенін айтып келеді. Дамыған елдермен терезесі тең, бәсекеге қабілетті жаңа буын тәрбиелегенін атап өтті. Шынымен, бүгінде еліміздің атын әр салада шығарып жүрген отандастарымыз қаншама?! Ғылым, білім, мәдениет, спорт салаларында бәсекелестікті дамытып, әлемдік деңгейде өзімізді дамытумыз керек. Шынымен қазір қарасақ, бүгін бізбен кез  келген ел санасады. Жаңа астанамыз пайда болды. Ішкі және сыртқы саясатты тең ұстап, ешқандай келеңсіздікке жол бермей, еліміздің дамуы жолында Н.Назарбаевтың еңбегі ұшан-теңіз екенін жоққа шығара алмаймыз.

Ерлан ДАКЕНОВ,

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button