Басты ақпарат

Көк тудың желбірегені…

Кеше елордадағы Мемлекеттік рәміздер алаңынан «Нұр-Сұлтан-Орал» марафоны басталды. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған марафонда 15 тәжірибелі ультрамарафоншылар көк туымызды желбіретіп, 2021 шақырым қашықтықты жүгіріп өтеді.

[smartslider3 slider=1164]

Марафоншылар 8 күн ішінде Нұр-Сұлтан – Көкшетау – Петропавл – Қос­танай – Ақтөбе бағытымен жүгіріп, Орал қаласында тоқтайды. Бүкіл бағдар бойы спортшылар эстафетаны тапсыра отырып, еліміздің тарихымен және Тәуелсіздігіміздің қалыптасуымен байланысты тарихи маңызды орындарда  жергілікті тұрғындармен кездеседі.

«Астана желаяғы» марафоншылар клубы» қоғамдық бірлестігі мен  «Қазақстан құрылысшылар одағы» респуб­ликалық заңды тұлғалар бірлестігі ұйымдастырған мерекелік марафон Nur Otan партиясы, ҚР ­Президенті Әкімшілігі, Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен өтеді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button