Руханият

Ерлігі ұмыт қалған батырлар

«Nur Otan» партиясының орталық аппаратында белгілі тарихшы, саясаткер Берік Әбдіғалиұлының «Ұмытылған қаһармандар» атты кітабының таныстырылымы болды.

Жаңа жинақ аталмыш партияның «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында жарық көріп отыр.
Бұл еңбекке Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылған 133 майдангер туралы мәлімет енгізілген. Олардың көпшілігі жаяу әскер, артиллерист, пулеметші, сапер, танкист, мерген, санитар, байланысшы, кавалерист, десантшы, әуе десанты, ұшқыш, инженерлік әскер қызметкерлері болған.
Жинаққа тек марапаттау парақшасы тізімінен табылған ардагерлер кірді. Кітап авторы соғыс жылдарында 497 отандасымыз Кеңес Одағының Батыры атағына ие болғанын, алайда ұсынылғандардың саны одан көп екенін баяндады.
Сондай-ақ ғалым сегіз бірдей отандасымыздың екі рет батыр атағына ұсынылғанын айтты. Олардың екеуі – капитандар Сағадат Нұрмағамбетов пен Сейтхан Темірбаев. Екі рет ұсынылғанымен, олар бір рет болсын батыр атағын алды. Ал қалғандарына екі ретінде де берілмеген.
«Олардың арасында саперлер – қатардағы жауынгер Құдайберген Жансеріков және аға сержант Мінайқұл Сағындықов, атқыштар ротасының командирі, лейтенант Қабыш Көктаев, 248 жаудың көзін жойған мерген, аға сержант Зейтін Байжанов және майор В.Гутов пен лейтенант В.Гутовский бар» дейді Берік Әбдіғалиұлы. Автор өз сөзінде алдағы таңда бұл бағыттағы жұмыстар әрі қарай жалғасатынын жеткізді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button