Жаңалықтар

Есілге кеме түсті

 Кеше Есіл өзенінің кеме жү­ретін учаскесінде оныншы навигация салтанатты түрде ашылды деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Серуенге арналған кеме­нің алғашқы жолаушылары дәстүр бойынша «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тәрбиеленушілері болды. Ресми бөлімнен кейін мүмкіндігі шектеулі балалар теплоходпен тегін қыдырып келді.

«Есіл-Астана» МКҚК ди­рек­­торы Қанат Алин биыл астаналықтар мен қала меймандарын өзенде серуен­­дету үшін алты жолаушы кемесі жүзетін болады деп мәлім етті.
«Дәстүрлі навигация ке­зінде астана тұрғындары мен қонақтары су көлігінің қызметін пайдалана алады. 2009 жылы бізде бар болғаны 5 кеме болса, бүгінде олардың саны 14-ке жетті, оның 6 кемесі жолаушыларға қызмет етеді. Олардың жалпы сыйымдылығы 265 орынды құрайды» деп атап өтті мекеме басшысы.
Айта кетейік, Амфитеатр ауданындағы жаяу жүргін­шілер көпірін салу бойынша жүргізіліп жатқан құрылыс-монтаж жұмыстарына байланысты, Астана әкімдігі уақытша қозғалыс бағдарын бекітті: отырғызу Кенесары ескерткішінен төмен­де орналасқан ротонда­дан – су реттейтін плотина – Амфитеа­тр – Кенесары ескерткішінен төмен орналасқан ротондаға өзгер­тілді.
Маршруттың ұзақтығы – 3 км, ал уақыты – 25-30 минут. Өзенде саяхаттаудың экс­курсиялық-қыдыру қызме­тінің бағасы ересектер үшін – 500 теңге, балалар үшін – 250 теңге.
Көпір құрылысы жөндел­геннен кейін «Астана-Есіл» қайтадан бұрынғы бекітілген маршрут бойынша Кенесары ескерткішінен Ақордаға дейін қашықтығы 18,8 шақырымға жолаушылар тасымалдайды. Ол кезде қызмет көрсету үлкендерге – 1000 теңге, балаларға 500 теңге болмақ.
Есіл өзеніндегі кеме жүзу маусымы 31 қазанға дейін жалғасады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button