Рухани жаңғыру

Хорасан Баб кесенесі

Рамазан Сүлейменов атындағы шығыстану институты мен Өзбекстанның Беруни атындағы шығыстану институтының бірлескен жобасы және АҚШ Индиана университетінің ғылыми зерттеулер бөлімінің қолдауымен арнайы жинақ шығып, алғаш рет қожа әулеттерінде құпия түрде сақталып келген «Насабнама» ғылыми айналымға енгізілді.

Орыс тіліне аударылып, қалың
оқыр­­манға жет­кен көне жәдігерде Әб­діжәлел бабтың (Хорасан ата) өмірінен үзінді келтірілген. Онда «Әб­діжәлел баб Шаштан Баршынкент, Балтырсек, Жаркент елдеріне барды. Онда Қылыш Қара хан атты хан бар еді. Оның Сары тонды Өтеміс деген ұлы бар еді. Әбдіжәлел баб иманға ша­қырды. Олар иман келтірмеді. Қанша күн-түн соғысты. Елу мың тарса өліп, тоғыз мың мұсылман шейіт болды. Сол жерде Әбдіжәлел баб Өтеміс қолынан шахид болды. Жент үстінде Өгізқыр жағында шахид зираты болды» де­лінген. Демек, қазіргі сексеуілдің дарағы басқан сусыз, елсіз жер VІІ-ХІІ ғғ аралығында Өгізқыр деп аталса керек. Бұл қазіргі Қызылорда облысының аумағында. Жаңақорған кентінен он бес шақырым­дай жерде Әбдіжәлел баб (ел аузында Хорасан ата аталып кет­­кен) кесенесі осында ор­наласқан. Қай кездері бол­масын, дәстүрлі салт-сана­мызға берік жандар бұл жерді қасиеттеп, зиярат етіп отырған екен. Қобыланды батыр жы­­рын­да да бір перзентке зар болып, қасиетті әулиеге келіп, Хорасанға қой атағаны айтылады. Түркі халқы ақындарының ұлығы Құл Қожа Ахмет Иасауидің өзі:
Бабам Хорасан келдім арасан.
Зиярат етейін деп ісімді сұрасаң,
Мүшкіл ісімді қылғайсың ансан
Рахым ете көр, бабам Хорасан.
Сексен шайхыны жаныңда көрдім,
Тоқсан машайхны артында көрдім.
Қағба махалаңды алдыңда көрдім
Рахым ете гөр, бабам Хорасан
Сұлтан Хусайынның ұлы болармын.
Алла тағаланың құлы болармын.
Шашым, сақалымды шыпта қылармын.
Рахым ете гөр, бабам Хорасан
Әлінің әулеті Шері Құдасан
Келген бәлені дәпі қыларсан
Құл Қожа Ахметке жар боларсын.
Рахым ете гөр бабам Хорасан, – деген тілегі баян етілген хикмет қалған.
Ал еліміз тәуелсіздігін алып, атеистік санадан ажы­-
рай бастағанда Хорасан ата
кесенесіне жергілікті ат­қа-
ру­­шы органдар да наза­р аударды. 1992 жылдан бас­тап кесене қам­қорлыққа алынып, 1995 жылы кең кө­лемде ас бе­рілді. 2007 жылы аудан әкім­дігі мен мә­дениет және тілдер­ді
да­мыту бөлімінің ұйым­­дас­­­тыруымен «Мәдени мұ­ра» бағдарламасы аясында «Орта Азия мен Қазақстанға исламның келуі және ондағы Хорасан атаның орны» атты халықаралық деңгей­дегі ғылыми-теория­лық конференция, ақындар мү­шәйрасы және қыраттап құран оқу жарысы өткізілген. 2012 жылы «Қазақстан атом өндіріс» ұлттық компаниясына қарасты «Байкен U» ЖШС басшылығының көмегімен электр желілері тартылып, кесене маңындағы шырақшының үйі, мешіт пен қонақжай да электр
жарығымен толықтай қамтамасыз етілген. Бір жылдан соң, Хорасан Ата төңірегінің біраз жері қоршауға алынып, онда әртүрлі жеміс ағаштары отыр­ғызылған. Баққа кі­рер бетте тақтаға жазылған «Бір адам бір ағаш отырғызса, дәптеріне отыр­ғызған ағашының жемісіндей сауап жазылады» деген Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбардың хадисі халықтың ерекше ықыласын құптап тұрғандай. Содан бері қалың бұқараның ұйғарымы бойынша әрбір жылдың 23 наурызында Хорасан ата кешенін көркейту – көгалдандыру және абаттандыру мақсатында кездесу күні
болып келісілген екен.
Хорасан Ата кесенесі, негізінен, екі бөлімді кешен.
Кесененің бірінші бөлігі Хүсеин атаға арналып соғыл­ған, екінші бөлігі Хүсеин атаның әкесі Әбдіжәлел бабқа (Хорасан Ата) арналып салынған, екі бөлім орталық қабырға арқылы бір-бірімен тұтасып қаланған.
Кесененің жанында Қожамберді батыр­ға сағана салып, «Ме­нің денемді Хорасан әу­лиенің батыс жағына қо­йың­дар» деген аманатын орындаған ұрпағының ес­керткіші тұр. Одан өтіп, кесенеден 100 қадам ұзағанда алдыңыздан Меккедегі Қағбаның сұлбасына ұқсайтын құрылысты көресіз. Жұмбақ құрылыс­тың бір құпия­сын тәу етіп келушілер
Қожа Ахмет Иасауи мұрасынан білуіне болады. Оның әулие­нің басына зиярат
ете келгенде: «Тоқсан машайхны артыңда көрдім, Қаабаны Мәккәні алдың­да көрдім, Рахым ете көр, бабам Хорасан» деп хик­метіне қосып айтқаны осы қа­сиет­ті орынды меңзеп тұрса керек.
Хорасан Ата маза­рындағы Қағба кө­шірмесі әлемнің төрт бұры­шына қаратып салынған, қабырғаларының ұзындығы – 6,5х6,5 м, биіктігі 5 м шамасында. Бірегей құрылыс 1995 жылы қайта қалпына келтіріліп, үйме топырақ
үстіне тұрғызылыпты. Осы ретте археолог, тарих ғылымдарының докторы Мұхтар Қожаның сөзін келтіре кеткім келеді. Белгілі археолог «қа­­зақ тарихында ерекше орны бар, халық­тың
салт-дәстүрінде аса ма­ңыз­ды құндылықтарды ислам археологиясы деп бөліп қарап, халық игілігіндегі нысан ретінде дамытатын уақыт жетті»
деп айтқан болатын.
Мұхтар Қожа – көп жылдан бері орта ғасырларда салынған қалаларға қазба жұмыстарын жүргі­зіп,
тереңінен зерттеп жүр­ген археолог. «Алғаш рет, неше жыл бойына қо­жа­-
лар әулетінде құпия түр­де сақталып келген «На­­сабнама» табылып, жа­­рия-
­­­ланған кезде осында жа­­зылған деректерді ар­хео­логия тұрғысынан зерт­теп, негіздеуге талпындым. VІІ-ХІІ ғғ аралығында Оң­түстік өңірде болған түрлі тарихи оқиғалардың қазба деректерін анықтадым. VІІІ ғ. Сыр бойы халықтарына ислам дінінің келу тарихын қат-қабат жердің арасынан іздедім. «Насабнама» VІІІ ғ. арабтардың Сүткент арқылы Сырдарияның екі жағалауымен жүріп, Отырарды басып алғаны жөнінде айтады. Осы жорықтың ізімен жүріп, қазба жұмыс­тарын жүргізгенде көне қалалардың, қамалдардың орнын таптық. Сонымен қатар, өзбек ғалым-архео­лог­та­ры жүргізген қазба жұ­мыс­­тарының нәтижесімен таныс­тым. Олардың да нәтижесі «Насабнама» деректерімен біртекті екеніне куә болдық. Бұл осыған дейін аңыз-әпсана деп мән берілмей келген «Насабнамалардың» тарихи құндылығы мол жазба екенінің тағы бір дәлелі» деді археолог.

Айгүл Уайсова

Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button