Құқық

КІСІ АҚЫСЫ

Қазақта «кісі ақысы» деген ұғым бар. Көнекөз қариялардың «аманатқа қиянат жасамау, кісі ақысын жемеу» деген өсиеті тегіннен-
тегін айтылмаса керек. Бұл күнде осы сөздердің қасиетін ұқпайтындар көбейді. Қазір ауылда болсын, қалада болсын шаруа қожалықтары мен кәсіпорын басшыларының тұтас бір ұжымның маңдай терін сыпырып жүріп, тапқан ақы адал айлықтарын дұрыс бермейтіні жиі айтылады.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Кәрібай Мұсырман жақында Парламентте өткен «Үкімет сағатында» осындай түйткілді мәселенің бетін ашты. «Таңның атысы күннің батысы белі қайысып, қара жұмысқа жегілген ауыл еңбеккерлерінің жалақылары айына 25-30 мың теңге көлемінде ғана. Оның өзін кейбір сараң басшылар сағыз­дай
созып, уақытында тө­ле­мейтін көрінеді.
Бұған қоса, мемлекеттен миллиондаған теңге субсидия бөлініп отырған ауыл еңбеккерлеріне жалақы төлеу туралы Еңбек кодексінің 104-бабының 3-тармағында «ауыл еңбек­керлері жалақысының ең төменгі мөлшері бюджет
туралы ҚР заңында белгі­ленген 1-разрядты жұмысшының айлық жалақысының ең төменгі мөлшерінен кем болмауы керек» деп қана жазылыпты. Осы «жай­­-
ларды алдағы уақытта қа­лай реттеуге болады?» деген сауал қойды депутат осы салаға қатысты ведомство басшысына.
Еңбекке ақы төлеу қай кезде де күрделі мәселе болып келді. Мұның ең оңтайлы жолы жұмыс беруші мен жұмысшы арасында жасалатын еңбек келісімшарты екені айтылды. Әсіресе, жергілікті жерлердегі жұмысшылардың еңбекақы жағдайлары кейінгі кезде жиі көтеріліп жүр. Мұны министрлік нақты назарға алған. Тек 2017 жылдың 1 қыркүйегіндегі мәлімет бойынша ұжымдық шартпен 76,6 мың кәсіпорын
немесе жұмыс істеп тұр­ған кәсіпорындардың 34,1 пайызы қамтылыпты. Ал ірі және орта кәсіпорындардың қамтылу деңгейі 89,3 пайызға жеткен. Соң­ғы бес жылда ұжымдық шарт жасау көрсеткіші 19 пайызға өскен.
Алайда жалпы жағдайдың жақсарғанына қарамастан, ауыл шаруашы­лығында бұл мәселе әлі шешімін таппай келеді. Адамдарды жұмысқа еңбек шартынсыз қабылдау азаймай отыр. Кейінгі екі жылда еңбек инспекторлары мыңнан аса жұмыс берушінің жұмысшыларды жұмысқа еңбек келісімшартынсыз қабылдаған фактілерін анықтады. Мұндай заң бұзушылықтар, әсіресе, ауыл шаруашылығы, шағын кәсіпкерлік, құрылыс, сауда саласында жиі кездеседі.
Тіпті оны айтасыз, «заңсыз жұмыспен қамту» іс-
шарасы бойынша арнайы рейдтер өткізгенде жұмыс істейді деп саналған 5,6 млн азаматтың миллион жарымға жуығының зейнетақы қорына тиісті жарнасы аударылмай келгені белгілі болды.
Еліміз бойынша 400 мың­ға тарта жұмыссыз бар кө­­­рі­неді. Олардың санын азайту үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан ау­қымды жұмыстар жүргі­зілгенімен, депутат Омархан Өксікбаев мемлекеттің миллиардтаған қаржысын шығарып, мамандыққа қай­­та дайындау жайының алаңдататынын айтты.
Осы бағдарлама басталған үш-төрт жылда қаншама жас жігіттер мен қыздар оқытылып шығарылды. Алайда олардың сол оқыған мамандығын меңгеріп,
өн­дірісте қолданып жатқандары кемде-кем. Яғни, Үкіметтің ақшасы желге ұшып жатыр деген сөз.
Ағымдағы жылы үшжақты комиссияның оты­рыстарында еңбекақы қа­рыздары бар 294 кәсіп­орын­ның жұмысы қарал­ған. Жүзден аса жұмысшысы бар 250 кәсіп­орын еңбек және әлеу­меттік заңнаманы жиі бұзатын тәуекел тобына жатқызылған. Оларға 326 миллион теңге көлеміндегі айыппұл салынып, 161 лауазым иесі қыз­метінен босатылған. Алайда елімізде кісі ақысын жеу азаймай отыр.

Таңатар Төлеуғалиев

Тағыда

Таңатар Төлеуғалиев

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button