Денсаулық

Індет ушығып кетпесін!

Денсаулық сақтау министрлігі республика тұрғындарын Жаңа жыл мерекесінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды.

«Жаңа жыл қарсаңында коронавирус инфекциясын жұқтырудың алдын алуға шақырамын. Атап айтқанда, халық көп жиналатын орындарға бармай, ұжымдық іс-шараларға, корпоративтерге қатыспаған жөн. Үсіп қалғаннан сақтану керек. Сонымен бірге өзіңізді және туыс­тарыңызды қауіпке ұшыратпас үшін заманға сай құттықтап, қашықтан байланысуға мүмкіндік беретін құрылғыларды пайдаланған жөн болады» деп мәлімдеді Денсаулық сақтау министрі­нің бірінші орынбасары Марат Шоранов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
«Құрметті қазақ­стандықтар! Жаңа жыл отбасылық мереке болғандықтан, бұл күнді туған-туыстардың ортасында қарсы алуға шақырамын. Пандемия әлі біткен жоқ. Әрбіріміз қазіргі жағдайда үлкен жауапкершілікті сезіне білуіміз керек. Алдағы мереке эпидемио­логиялық ахуалды ушықтырмауы тиіс» деді вице-министр.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button