Сайлау - 2021

Білім мен ғылымға басымдық беріп отыр

Nur Otan партиясынан Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатына кандидаттар Қаржы академиясының оқытушылары және студенттерімен кездесті. Онлайн форматта өткен жүздесуде жас ғалымдар мен кәсіпкерлерді қолдау, әлеуметтің әлеуетін арттыру, мұғалімдер мәртебесін көтеру, оқушылар қауіпсіздігі секілді көптеген мәселелер әңгіме өзегіне айналды.

Атап айтқанда, жас ғалымдарға жыл сайын бөлінетін гранттар санын бір мыңға жеткізу жоспарланып отыр. Бір жылда 500 ғалымды шетелдердегі жетекші ғылыми орталықтарға тағылымдамаға жіберу, магистранттар мен докторанттар стипендиясын бір жарым есеге көтеру де қамтамасыз етілмек.
– Nur Otan партиясы нақты қол жеткізуге болатын мақсаттарды қоя біліп, оларды орындата алады. Бұл – сөздің емес, істің партиясы. Партияның басты мақсаттарының бірі – педагогтардың мәртебесі мен жалақысын көтеру, мектептерді салу болғандықтан, әріптестерім мен студенттер – болашақ мұғалімдер партиямызды қолдайтынына сенімдімін, – деді қалалық мәслихат депутаты, Л.Гумилев атындағы Еуразия улттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов.
Жалпы партия Нұр-Сұлтан қаласындағы өзекті мәселелердің «ондығын» анықтады. Бұл – қолжетімді баспанамен қамту, үлес­керлер мәселесі, әлеуметтік сала, соның ішінде білім, денсаулық сақтау, кедергісіз орта, шеткі аймақтарды, қоғамдық кеңістіктерді, аулаларды дамыту, газдандыру, жолдар құрылысы, қоғамдық көлік, нөсер сулары кәрізі, тазарту құрылғылары, экология, қоғамдық қауіпсіздік және шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту.
№37 мектеп-лицей директоры Алмагүл Сегізбай партияның білім саласы мен жастармен жұмыс бағытындағы жоспарларымен таныстырды.
– Жақын бес жылда елордадағы халықтың жылдан-жылға артуына қарамастан, үш ауысымда оқытатын, оқушылар саны шамадан тыс көп мектептер проблемасын жою жоспарланып отыр. Ол үшін 60 мың орынға шақталған 50 мектеп салынады. Карантин уақытында 1-4-сынып оқушыларының ыстық тамағына бөлінген қаржы үнемделіп, ұстаздар мен оқушыларға компьютер сатып алуға жұмсалды.
Студенттер стипендиясы екі есеге көбейтіліп, 180 колледждің материалдық-техникалық базасы жаңартылады. Колледждерде тегін оқуға мүмкіндік беріліп, оқыту сапасы төмен оқу орындары жабылады, – деді А.Сегізбай.

Нұр-Сұлтан қаласындағы Nur Otan партиясы сайлау қорының қаражатынан төленді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button