Елорда тынысы

Инклюзия кабинеті ашылды

Елордадағы №43 қосымша білім беру мектеп-орталығы базасында жаңа инклюзия кабинеті ашылды. Бұл жерде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды дамыту үшін барлық жағдай қарастырылған.

Астана қаласы Білім басқармасының бас маманы Гүлшат Исинованың айтуынша, қазіргі кезде қоғамда инклюзия кабинеттерінің қажеттілігі артып келеді.

– Бүгінгі таңда қалада 0-ден 18 жасқа дейінгі ерекше білім беру қажеттіліктері бар 19500 бала тіркелген. Қазір ата-аналар сауатты болып, уақытылы түзетудің маңызын түсінеді. Сондықтан инклюзия тақырыбы аса маңызды және біз осы бағытта үнемі дамып келеміз, – деді Гүлшат Исинова.

№43 қосымша білім беру мектеп-орталығы базасында ашылған инклюзия кабинеті 4 аймаққа бөлінеді: әдістемелік бөлім, демалыс аймағы, логопед және дефектолог. Онда арнайы жиһаз, оқу ойыншықтары, сенсорлық интеграциясы бар жұмсақ жастықтар және мұғалімдерге арналған техникалық жабдықтар жеткілікті.

– 2020 жылы біз жаңа корпусқа көштік, осыған байланысты инклюзия кабинетіне қажеттілік туды. Қазіргі уақытта мектепте ерекше білім беру қажеттілігі бар 16 бала оқиды, сондықтан кабинет олардың дамуына айрықша көмек көрсетеді, – деді Астана қаласы әкімдігінің «№43 қосымша білім беру мектебі-орталығы» ШЖҚ МКК директоры Нұртас Жағабаев.

Жаңа кабинетте психолог, педагог-ассистент, логопед және дефектолог сияқты мамандар жұмыс істейді.

Жалпы бүгінде елордада 28 инклюзияны қолдау кабинеті, 2 оңалту орталығы, сондай-ақ 4 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті бар.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button