ЖаңалықтарҚала мен Сала

Кең таралған 10 мемлекеттік қызмет

Қазіргі таңда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының фронт-офистері мен бэк-офистері арқылы барлық мемлекеттік қызметтердің 83% көрсетіледі. Олардың қайсысы жоғары сұранысқа ие?

Бірінші орында мекенжай анықтамасын беру қызметі (2017 жылғы 10 ай ішінде 14 534 750 анықтама берілді). Негізінен, мұндай анықтамаларды жұмысқа орналасу және оқу орындарына ұсыну үшін алады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәлігін беру және қайтару бойынша 4 009 557 қызмет көрсетілді (электрондық-цифрлық қолтаңба).
Үшінші орында жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтарды) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама беру қызметі тұр. 10 ай ішінде 2 528 944 қызмет көрсетілген.
Жылжымайтын мүлiктiң болмауы (болуы) туралы анықтама да жиі сұратылады. Мемлекеттік корпорацияның фронт-офистері арқылы мұндай анықтама 2 422 347 азаматқа берілді.
Осы он ай ішінде мемлекеттік корпорация 1 714 465 рет бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат беру қызметін көрсетті.
Жыл басынан бері сотталғандығы болуы не болмауы туралы 1 309 485 анықтама берілді. Бұл анықтама азаматтарға жұмысқа орналасу үшін керек.
Биыл 10 ай ішінде Қазақстан Республикасының азаматтары 1 302 778 төлқұжат пен жеке куәлік алды. Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу – 1 218 658.
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу қызметіне қазақстандықтар 1 113 348 рет жүгінген.
Биыл 10 ай ішінде азаматтарға 314 155 жүргізуші куәлігі берілген.
Осылайша, ең кең тараған қызмет түрі – түрлі анықтамаларды беру. 2016 жылы 37 млн-нан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның 24 млн-і – электрондық анықтамалар. Сондықтан мемлекеттік корпорация бірқатар мемлекеттік органдармен бірге «Азаматтарға арналған үкіметтің» фронт-офисіне келушілердің санын шегеруге мүмкіндік беретін Paperfree жобасын іске қоспақ.
Мемлекеттік органдар мен жеке ұйымдарға анықтама беру сервисін жүзеге асыру бұл қызмет түрін көрсетуді 21,5 млн-ға қысқартар еді. Азаматтар SMS-хабарлама арқылы рұқсатын растап, үшінші тұлғалардың сұратуы бойынша жеке мәліметтерін бере алады. Мысалы, сервис енгізілгеннен кейін, оқу орны электрондық портал арқылы қажетті құжатты сұратады, ал қызмет алушы (бұл жағдайда ата-ана) SMS-хабарлама арқылы бір рет электрондық анықтама алуға өзінің рұқсатын береді. Осылайша, жаңа оқу жылы қарсаңында анықтама алу үшін 3 млн оқушының ата-анасы ХҚКО-ға бармайды.

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 14,5 МЛН МЕКЕНЖАЙ АНЫҚТАМАСЫН АЛДЫ

2017 жылдың 10 айында «Азаматтарға арналған үкімет» мемкорпорациясының кеңсесі арқылы барлығы 34,3 млн-ға жуық мемлекеттік қызмет берілді

1) МЕКЕНЖАЙ АНЫҚТАМАСЫ 

Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасын алуға келушілер саны 14,5 млн Мекенжай анықтамасын мектептерде, жұмыс орны бойынша, т.с.с. талап етеді

2) ЭЛЕКТРОНДЫҚ-ЦИФРЛЫҚ ҚОЛТАҢБА

Электрондық-цифрлық қолтаңба алу және қайтарып алу жөніндегі қызмет бойынша азаматтар 4 млн рет жүгінген

3) ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК ЖӘНЕ ОНЫҢ МІНЕЗДЕМЕСІ ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ ТІРКЕЛГЕНДІГІ ТУРАЛЫ АНЫҚТАМА

2,5 млн анықтама

4) ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІКТІҢ ЖОҚТЫҒЫ (БАРЫ) ТУРАЛЫ АНЫҚТАМА 

2,4 млн анықтама

5) БЖЗҚ САЛЫМШЫСЫНЫҢ ҚАРЖЫ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ТҮСКЕНІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫҢ БЕРІЛУІ 

1,7 млн анықтама

6) СОТТЫ БОЛҒАНДЫҒЫ НЕМЕСЕ БОЛМАҒАНДЫҒЫ ТУРАЛЫ АНЫҚТАМА

1,3 млн-нан аса азамат осындай анықтама сұраған

7) ПАСПОРТ, ТӨЛҚҰЖАТ РӘСІМДЕУ

1,3 млн рет азаматтар осы қызмет түрін рәсімдеген

8) МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ ЖӘНЕ КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІНІҢ ЕСЕП-ҚИСАБЫ

1,2 млн

9) ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІКТІ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТІРКЕУ

1,1 млн-нан аса қызмет

10) ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІН БЕРУ 

300 мыңнан аса

Ең көп талап етілетін мемлекеттік қызметтер рейтингісі қағаз анықтамалары айналымының мәселесін шешеді

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button