Жаңалықтар

КӨКТАЙҒАҚҚА ҚАРСЫ ҚОСПА

Елордада көктайғақтың алдын алуда алғаш рет «Айсмелт» қоспасы қолданыла бастады. Мәселен, қыс басталғалы бері Астана көшелеріне 575 тоннадан астам қоспа себілген.

3

Хлорлы кальций негізінде өндірілетін көпқұрамды материалдың ерекшелігі де сол, мұздың түзілуіне жол бермейді. Негізінен, ресейлік технология бойынша дайындалған. Қысқы маусымдағы оқыс оқиғалар мен санитарлық тазалықты сақтау мақсатында қолданылуда.
«Астана Тазалық» ЖШС бас директоры Әзімбек Басқанбаевтың айтуынша, қыс басталғалы Астанада 575 тонна қоспа пайдаланылды. «Аталмыш қоспа қор­шаған ортаға зиянсыз әрі пайдаланылғаннан кейін қалдық қалмайды. Сондықтан көктайғаққа қарсы қолданған өте тиімді» дейді ол.
Айта кеткен жөн, елордамызды қардан тазарту науқаны 13 қараша күні басталған болатын. Қала тазалығына бар­лығы 2928 арнайы техника жұмылдырылып, 2285 адам жұмысқа тартылды. Бүгінде қала көшелері қардан толық тазартылып, көктайғақтың алдын алу мақсатында 3,5 мың текше метр тұз аралас құм қоспасы себілген.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button