Қала мен СалаРесми бет

КӨРМЕ ҚАРСАҢЫНДА – ЖАҢА ҚОНАҚ ҮЙ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ АСТАНАДА БЕС ЖҰЛДЫЗДЫ АЛҒАШҚЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ПРЕМИУМ-КЛАСТЫ ҚОНАҚҮЙДІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ. ҚОНАҚҮЙ «TALAN TOWERS» КӨП ФУНКЦИОНАЛДЫ КЕШЕНІНІҢ ҒИМАРАТЫНДА ОРНАЛАСҚАН.

Нұрсұлтан Назарбаев астаналықтарды, инвесторларды және құрылысқа қатысқан барлық азаматтарды қонақ үйдің ашылуымен құттықтады.
– «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі қарсаңында елорда тұрғындарына тағы бір сыйлық жасалды. Бұл – әлемдік деңгейдегі «Ритц-Карлтон» қонақ үйі. Оның құрылысына сапалы технологиялар мен стандарттар қолданылып, қысқа мерзім ішінде бой көтерді. Бұл – қала инфрақұрылымына салынған зор инвестиция, – деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті Астананың жоғары деңгейлі қонақ үй кешеніне ие болғанын атап өтті.
– Қонақ үй құрылысына Қазақстанның компаниялары қатысты. Жаңа ғимаратта ең жоғары дейгейдегі іс-шараларды өткізіп, жоғары мәртебелі меймандарды қабылдауға қажетті барлық инфрақұрылым бар, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сондай-ақ, Елбасы Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.
Астананың сол жағалауындағы Talan Towers кешенінің жалпы алаңы – 120 мың шаршы метр. Онда Talan Towers Offices, «Ритц-Карлтон» қонақүйі, SPA орталығы, бизнес орталығы және «Emporium» сауда галереясы орналасқан.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button