Басты ақпарат

Күрмеуі көп кешен құрылысы қарқын алды

Елордадағы проблемалы 12 үйдің құрылысы толыққанды жүріп жатыр. Бірнеше жер учаскесінде орналасқан «Баспана Көктал» көппәтерлі тұрғын үй кешені 13 үйден құралады. Бүгінде олардың біреуі аяқталған. Осы проблемалы нысанның құрылысы бүгінде оң шешімін тауып отыр.

«Бес жыл бұрын құрылысы тоқтап қалған 12 үй «құрылысы ұзаққа созылған» нысан ретінде танылған. Олардың әрқайсысында шешілмеген, проблемалық мәселелер болды: шатырдан су кету, қасбеттің, терезелердің, есіктердің, лифт шахталарының және талапқа сай жағдайдың болмауы. Жарық, жылу, су мен кәріз жүйелері де инженерлік желілерге қосылмады.
Үлескерлермен бірнеше рет кездесіп, жоспарлы құрылыс кестесін құрдық. Бұл үйлерден 600-ге жуық отбасы пәтерлерін күтіп жүр.
Бұрынғы құрылысшы бірнеше қабатты заңсыз түрде салып, лифтілерді қарастырмаған. Құрылыс саласындағы қолданыстағы нормаларға сәйкес ғимарат 6 қабаттан асса міндетті түрде лифтімен қамтамасыз етілуі тиіс. Сондай-ақ өртке қарсы эвакуациялық баспалдақтар болған жоқ. Осыған байланысты лифттер мен эвакуациялық баспалдақтарды орнату үшін бөлімдерді бөлшектеу қажет болды.
Барлық аталған құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тұрғын үй кешенін «Елорда құрылыс компаниясының» қатысуымен «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салып жатырмыз. Құрылыс қарқынын күшейтіп, үйлерді жыл соңына дейін аяқтауды тапсырдым. Аумақты абаттандыру көктемге жоспарланған» деп жазды Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің инстаграм парақшасында.

 

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button