ЖаңалықтарРухани жаңғыру

Рухани жаңғырудың үш жылдық белесі

Достық үйінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің төрағалығымен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғырудың үш жылдық белесі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Кездесуге елорданың зиялы қауым өкілдері, әлеуметтік, филология, философия саласының ғалымдары және қоғам белсенділері, меценаттар, БАҚ өкілдері қатысты. Күн тәртібінде «Рухани жағыру» бағдарламасы бойынша үш жыл ішіндегі жұмыс нәтижелері айтылды.
– Бағдарламалық мақаланы іске асыру жобалар мен іс-шаралардың идеологиялық құрамдас бөлігін жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен бірге жобаларды басқарудың ең жақсы тәжірибелерін қолдану арқасында оларды іске асырудың принципиалды жаңа және тиімді тәсілдерімен жүзеге асыруды қамтамасыз етті. Осы мақсатта бағдарламаның 13 арнайы жобасын іске асырудың жол картасы мен индикаторлары бекітілді, сонымен қатар биыл 4 жаңа арнайы жоба қолданысқа енгізілді. Бағдарламаны тиімді іске асыру мақсатында 2018 жылы Сараптамалық кеңес бекітілген болатын. Кеңес «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында іске асыруға ұсынылған жобаларды сапалы қарау үшін консультативтік-кеңесші орган мәртебесіне ие болды, – деді Б.Мәкен.

 

2017 жылы елордада 73 жоба жүзеге асырылса, 2018 жылы 165 жоба, іс-шара өткізілді. 2019 жылы 275 іс-шара және 69 жеке бастама жүзеге асырылды. Ал биыл бағдарлама аясында 185-ке жуық іс-шаралар өткізіліп, онлайн курстар мен шеберлік сыныптарын қоса алғанда республикалық деңгейде 1 000 000-нан астам адам қамтылды.
Дөңгелек үстел аясында білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау салаларындағы пандемиямен күресуде белсенділік танытқан Нұр-Сұлтан қаласының меценаттар мен үкіметтік емес ұйымдар, БАҚ өкілдерін «Халық алғысы» медалімен марапаттау рәсімі өтті.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button