#Жаңа Қазақстан

Медициналық көмек қолжетімді болуы керек

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономикалық бағытқа басымдық берген биылғы халыққа Жолдауын тікелей эфирде тыңдап, кейін сайттардан мұқият оқып алдым. Көтерілген мәселелер ішінде биыл денсаулық саласына былтырғыдай ерекше көңіл бөлінбепті.

Дегенмен Мемлекет басшысы ауылдардағы медициналық инфрақұрылымды дамыту маңызына баса назар аударды. Елді мекендерде 300-ден астам денсаулық сақтау нысанын салу барлық ауыл тұрғынын сапалы және қолжетімді көмекпен қамтамасыз етуде үлкен серпіліс болғалы тұр. Бұл қала мен ауылдағы медициналық қызметтерге қолжетімділік бойынша алшақтықты азайтады. Өзім де ауылда туып өскен жан ретінде мұндай қадамның қандай маңызды екенін білемін және оны қолдаймын.

Денсаулық сақтау саласын қолдап, үнемі көңіл бөлгені үшін Президентімізге алғысымды білдіргім келеді. Осы салада қабылданған шаралардың арқасында біздің еңбегіміз дұрыс бағаланып, беделіміз арта бастады. Бұл біздің медицина саласына сіңіріп жатқан еңбегіміз бен қосып жүрген үлесіміздің мойындалып, еленгені деп санаймыз. Ақ халаттылар халыққа адал қызметімізді одан әрі жалғастырып, халықты сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ете береміз. Үкіметтің денсаулық сақтау мен экономиканы дамыту бойынша жүргізіп жатқан жұмысы мен күшін бағалап, осы прогресс жолында олармен қатар тұруға дайынбыз.

Әділетті Қазақстан – әрбір азаматы сапалы медициналық көмекке қолы жететін және салауатты өмір сүретін ел. Біз осы мақсатқа жету жолына бағытталған барлық шараны қолдап, еліміздің жарқын болашағы үшін аянбай тер төгетін боламыз.

Азат Нұрмағамбетов,

№3 қалалық емхананың дәрігері

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button