Жаңалықтар

Мейірімге толы «Нұрлы жүрек»

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы церебралды сал, эпилепсия, хромосомалық аурулар, аутизм, олигофрения, сөйлеу бұзылыстары бар, психикалық ауытқулар мен ақыл-ой дамуы артта қалған балаларға стационар және жартылай стационар жағдайында арнайы-әлеуметтік қызмет көрсетеді.

Мекеме 3 корпустан тұрады. Балалар даму деңгейіне, жасы мен жынысына сәйкес бірнеше топтарға бөлінген. Мекеме әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-­экономикалық 8 арнайы әлеуметтік қызмет көрсетіледі. Орталықта психологтар, дефектологтар, сызу, дене шынықтыру және өзге де білікті мамандар қызмет етеді.
Елордалық Светлана Қожахметова орталықты өз үйіндей көреді екен. Себебі 4 жылдан бері немересінің ең жиі келетін орнына айналыпты. Кішкентайының жетілуіне себепкер болған мекеме мамандарына алғысын айтты. «4 жылдан бері осы орталыққа немеремді алып келемін. Бұл жер біздің өз үйіміз сияқты. Немерем өзіне достар тапты, көп нәрсе үйренді. Күннен күнге даму үстінде. Сол үшін қуанамыз, орталық мамандарының еңбегі ұшан-теңіз» дейді ол.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button