Сайлау - 2021Саясат

Аdalдықтар аймақтарды аралады

ADAL партиясы Парламент Мәжілісі сайлауы қарсаңындағы үгіт-насихат ж ұ м ы с т а р ы н ж ү р г і з у д і жалғастыруда. Осыған дейін партия өкілдері респуб­лика бойынша 1 522 кездесу өткізді.

Үміткерлер тұрғындармен кездесу барысында партияның бағдарламасын түсіндіріп, сонымен қатар азаматтардың өтініштерін тыңдап, оларды толғандырған сұрақтарына нақты жауап берді.
Кездесулер барысында тұрғындардың арасында жергілікті атқарушы биліктің қызметіне көңілі толмайтындар, мемлекет тарапынан көрсетілетін көмекті жеткіліксіз деп есептейтіндер болып, осы жағдайға байланысты ойларын ортаға салды.
ADAL партиясының өкілдері базарларға, сауда орталықтарына барып, кездесулерде кəсіпкерлер партия өкілдеріне көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды. Мəселен, Алматы облысы Алакөл ауданы Үшарал қаласының тұрғыны «Наурыз айынан бастап толық жұмыс істеуге рұқсат жоқ. Пандемияға байланысты біздің мекеме де жабылды. Біз шығынға ұшырап отырмыз. Ешкім үйдің жалдау ақысы мен коммуналдық қызмет төлемін тоқтатпады. Мемлекет осындай уақытта қандай да бір көмек көрсетсе деген тілек бар. Біз отбасымызды бағуымыз керек. Біз осындай мəселелерде мемлекет тарапынан қолдау күтеміз» деп көкейіндегіні ашып айтты. Қызылорда облысындағы шаруалардың бірі: «Банк бізге тұрмыстық техника, басқа да бұйымдар сатып алуға, той өткізуге 3-тен 6 миллион теңгеге дейін несие береді. Ал егер ауыл тұрғыны ауылдағы фермерлікті дамыту үшін ақша алғысы келсе, олар бас тартып, депозит талап етеді. Оның үстіне адамдарға түрлі процедуралардан, бюрократиялық кедергілерден өту керек. Сондықтан біздің ауыл шаруашылығымыз өте нашар дамып келеді» деген пікір білдірді. Ал Түркістан облысының Қазығұрт ауылының тұрғыны жер көп болғанымен, жайылымның жоқтығын, осы мәселені қарастыру қажеттігін айтты. Кездесулер барысында ADAL партиясының мүшелері өздері ұсынған бағдарламаның 30 пайызы кəсіпкерлікті қолдауға бағытталғанын, осы бағытта жұмыс жүргізілетінін, сонымен қатар мың мемлекеттік қызметкердің жалақысын көтеруді қолдайтынын мәлім етті. ADAL партиясы республика аймақтарында күніне 200-ге жуық кездесу өткізіп келеді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button