Мәдениет

Мектеп музейі қандай?

Қайым Мұхамедханов атындағы №90 гимназияда Астанадағы мектеп музейлерінің жетекшілеріне арналған «Мектеп музейінің білім беру кеңістігіндегі рөлі» тақырыбында ІІ қалалық семинар-практикум өтті. 

Іс-шара басында аталмыш гимназия директоры Гүлжанат Абдраманова, Ұлттық музейдің біліктілікті арттыру және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Меруерт Әмірова семинар-практикумның ашылуымен құттықтады. Қ.Мұхамедханов атындағы

№ 90 гимназия музейінің атқарылған жұмыстарымен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жауынбай Жылқыбайұлы таныстырды. Мектеп оқушылары Мұратбек Нұрқайыр «Алдымда ақын Абай Темірқазық», Досмағанбет Санжар «Сүйем Отан-Анамды», Әйгерім Абдуллаева «Ұстазыма» атты Қайым Мұхамедхановтың өлеңдерін оқыды.

Ұлттық музей қызметкерлері мектепте музей жұмысын жүргізу бойынша ойларын ортаға салды. Атап айтқанда, қор жұмысы қызметі, экскурсиялық қызмет көрсету, экспозиция-көрмелік бөлімдердің қызметкерлері өз тәжірибесімен бөлісті. Семинарға қатысушылар мектеп музейлерінің жұмысы туралы ойларымен бөлісіп, пікір алмасты. «Үздік мектеп музейі – 2022» қалалық байқауының жүлдегері атанған Қайым Мұхамедханов атындағы

№ 90 гимназия музейін аралау ұйымдастырылып, тәжірибесі таныстырылды. Семинар соңында қатысушылар сертификаттармен марапатталды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button